Жаңалықтар

Ұмытылмайтын жылдарды еске алды

Кездесу

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына — 35 жыл. Осыған орай М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ардагерлермен кездесу өтті.

Аталған іс-шараға облыстық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы М.Қойлыбаев, облыстық ауған соғысы жауынгер-интернационалистері қоғамдық бірлестігінің төрағасы мен орынбасары А.Балқасынов және А.Жұмабеков, ауған соғысы және ішкі істер саласының ардагерлері С.Жиеналин, Ж.Мәмбетжанов қатысты.

Іс-шараны институт ректоры, полиция полковнигі Н.Мұхаметқалиев ашып, ауған соғысының тарихтағы орны, қазақ әскерлерінің оған қосқан үлесін, от пен оқтың ортасында опат болғандар, т.б. туралы айтты.

Ардагерлер де өз ойын білдіріп, жастарға игі тілегін арнады. А.Балқасынов  институт кітапханасына «Екі ғасырдың батырлары» кітабын тарту етті.

Жауынгер ағалардың құрметіне зұлмат соғыстың естеліктері туралы көрініс көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалды. Соңында қонақтарға институт басшылығы атынан Алғыс хат табысталды.

Алуа ЖЕТЕСОВА,

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының инспекторы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button