Жаңалықтар

Электр қуатының бағасы өседі

Қоғамдық тыңдау

1 наурыздан бастап облыста электр қуатының бағасы қымбаттайды. Жеке адамдар үшін бұрын тариф әр к/Вт сағатына 13,29 теңге болса, енді 16,62 теңге болып белгіленіп отыр.

Жуырда Алға қаласында өткен жиында «Ақтөбеэнергоснаб» мекемесі директорының міндетін атқарушы Рүстем Арыстанов наурыз айынан бастап тарифті есептеуге жаңа баға қолданылатынын, осыған байланысты өздерінің түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен келіп отырғанын айтты. Ал облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Ерлан Дүйсеннің айтуынша, биыл жыл басында электр қуатының бағасын жеке тұлғаларға — 58,5 пайызға, заңды тұлғаларға — 39 пайызға, ал бюджеттік ұйымдар үшін 39,2 пайызға көтеру жөнінде ұсыныс түскен. Қорытындысында жеке тұлғалар үшін тарифті 25 пайызға көтеру ұйғарылыпты.

Рүстем Арыстанов Ақтөбе өңірінде қарапайым тұрғындар, еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда, электр энергиясын арзанға алып отырғанын алға тартты. Мысалы, оның айтуынша,алматылықтар электр энергиясы үшінк/Вт сағатына23,13 теңге төлесе, Орал қаласының тұрғындары үшін тариф 21, 97 теңге екен. Сондай-ақ ол бағаның өсуіне Қазақстан бойынша бірыңғай тасымалдаушының бағаны қымбаттатып отырғаны себеп екенін де алға тартты.

Жиында сөз сөйлегендердің басым бөлігі электр энергиясының бағасын қымбаттатуға қарсы болды. Тұрғындардың бірі: «Электр қуатының бағасы былтыр да екі рет көтерілген болатын, енді биыл жыл басынан бастап тағы көтеріліп отыр. Бұл әсіресе ісі, кәсібі бар адамдарға өте қиын. Олар тұтынған қуат бағасын жоғары тарифпен төлейді, ал кәсібі үнемі пайда әкеле бермейді», — десе, екінші тұрғын мүгедек жандардың жағдайын, олар үшін ең төменгі тариф бекітілуікеректігін, мұны заңдақарастыруды ұсынатынын айтты.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button