Жаңалықтар

Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың өкімімен Нұрбол Қанатұлы Тымпиев Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына тағайындалды.

Нұрбол Тымпиев 1991 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2014 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін, 2018 жылы Чехия Республикасының Халықаралық экономикалық институтын, 2023 жылы Бәйішев Университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы  Қостанай облысының Наурызым аудандық орталық ауруханасының дәрігері болып бастаған.

2015-2018 жылдары Қостанай онкологиялық диспансерінің дәрігері, №1 Ақтөбе қалалық емханасының дәрігері, Ақтөбе облыстық ауруханасының дәрігер эпидемиологі, Отбасылық медицина орталығының эпидемиолог-дәрігері болып жұмыс істеген.

2018-2023 жылдары «Асыл-Мед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қарғалы қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақтөбе филиалының сатып алу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button