Жаңалықтар

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

Күн тәртібінде 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар туралы мәселе қаралды.

💬 Отырыста Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Жүнісов, «Қазсушар» облыстық филиалының директоры М.Нұртазин, «Қазгидромет» Ақтөбе филиалының басшысы А.Саймова, қала әкімінің орынбасары Ж.Бисембин, Темір, Байғанин, Ойыл, Қобда, Мәртөк және Әйтеке би аудандарының әкімдері, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы А.Қайыр, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы С.Дүйсекенов атқарылған жұмыстар мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты лауазымды тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button