Жаңалықтар

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы: экономикалық пайдасы тұрғысынан талдау

  1. (Сидорова, 2017). Ол жанған кезде радиоактивті заттар ауамен араласады. Демек, жылу электр станцияларының қоршағн ортаға зияны атом электр станцияларына қарағанда әлдеқайда көп. Сонымен қатар, кейбір атом электр станциялары қаланы ыстық су және жылумен қамтамасыз ету арқылы артылып қалған жылу шығынын тиімді бағытта қолданады.

    Қазақстанмен бірге басқа көптеген елдер үшін де атом электр станцияларында электр энергиясын өндіру көмір және газбен қуаттанатын жылу электр станцияларына қарағанда әлдеқайда арзан. Әсіресе, энергетикалық дағдарыс кезінде атом электр станцияларында өндірілетін электр энергиясының құнындағы артықшылық өзіне ерекше назар аудартады. Қазақстан – уранға өте бай ел. Соңғы он бір жылда уран өндірісі бойынша әлемде бірінші болса, уран қоры бойынша әлемде екінші орын алады. 2020 жылы елде уран өндірісі 19,477 тонна болса (әлемдік өндірістің 41%) (World-nuclear.org, 2021а), уран қоры әлемдік қордың 12%-ын құрады (World-nuclear.org, 2021b). Сондықтан Қазақстанда АЭС үшін шикізат тапшылығын болмайды. Статистикаға сәйкес, 1 кг көмірді жаққан кезінде 7 кВт/сағ энергия өндірілсе, 1 кг газ 14 кВт/сағ энергия бөледі. 1 кг ураннан 620,000 кВт/сағ энергия өндіріледі (Бушуев, 2016). Энергия тиімділігі тұрғысынан уран көмірге қарағанда 90,000 есе және газға қарағанда 45,000 есе тиімді болып отыр. Яғни, 1 кг уран 4,340 000 кг көмір және 8,680 000 кг газбен пара-пар энергия бөледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырсақ, 2021 жылы 1 фунт уран 29,63 долларға сатылды. Демек, 1 кг уранның бағасы 65 долларды құрайды. Қазақстанда 1 тонна көмірдің бағасы орта есеппен 35 долларды құраса, 1 кг уранға тең энергия алу үшін 151,900 долларлық көмір жұмсау қажет. Ал, газ текше метр өлшемімен сатылатындықтан, килограмды текше метрге айналдырып есептеу қажет. Егер 1 текше метрде 0,62 килограмм табиғи газ болатыны белгілі болса[2], 8,680 000 килограмм табиғи газ 14,000 000 текше метрге тең болады. Егер Қазақстандағы газдың орташа бағасы 1 текше метр үшін 0,08 долларды құраса (Ktga.kz, 2021), тұтынылатын газдың жалпы құны 1,220 000 долларды құрайды. Қаржылық тұрғыдан алғанда, уран көмірден 5,000 есе және газдан 37,800 есе тиімді екендігі көрініп тұр. Бұл тасымалдау қызметін қоспағанда, 1 кг ураннан алынатын энергияға тең энергия өндіру үшін көмір мен газдың шикізаттық құны ғана болып отыр.

    Жылу электр станциялары үшін әлемдегі көмірсутек отынының шектеулі қорларын және Қазақстандағы атом электр станциялары үшін уранның орасан зор қорын ескере отырып, Қазақстанның тұрақты даму үшін электр энергиясын өндіруде қоғамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған барлық мүмкіндіктері бар. АЭС салу мәселесі көп жылдан бері жоғары деңгейде және қоғамдық талқылаудың бірнеше кезеңінен өтіп, оның артықшылықтарына көз жеткізілген. Осылайша, Қазақстан дәл қазір АЭС салуға асықпаса да болады, бірақ кешігіп қалуға болмайды (Kapital.kz, 2021).

    Дереккөз:

    1. Бушуев Е.О., (2016). Преимущества и недостатки атомной электростанции // Сборник статей Международной научно-практической конференции «Инновационные технологии нового тысячелетия». – Пермь. – стр. 28-30.
    2. Гильманов Д., Джумамухамбетов Н.Г., (2015). О строительстве атомной электростанции с водо-водяным энергетическим реактором в Казахстане // Сборник научных трудов XII-ой Международной научно-практической конференции «Современные инструментальные системы, информационные технологии и инновации». – Курск. – стр. 310-313.
    3. Крушельницкая К.В., (2016).  Чернобыль 30 лет спустя // Материалы научно-практической конференции «Актуальні проблеми природничо–наукової і професійно–практичної підготовки сучасних спеціалістів народного господарства». – Херсон. – стр. 4-10.
    4. Логинов Е.Л., (2012). Атомный энергопромышленный комплекс в мировой энергетике: стратегические тренды в посткризисный период // Национальные интересы: приоритеты и безопасность. – № 28 (169). – стр. 2-10.
    5. Николаев М.Ю., Мальгин Г.В., Мостовенко Л.В., Щекочихин А.В. (2021). Общая энергетика. – Нижневартовск. – 2021. –105 c.
    6. Пернеев А.А., (2012). Современное состояние атомной энергетики Казахстана и предпосылки ее дальнейшего развития // Вестник Университета Туран. – № 4 (56). – стр. 133-136.
    7. Сидорова Г.П., Крылов Д.А., (2017). Проблемы радиационной опасности в угольной энергетике // Горный информационно-аналитический бюллетень. – № 11. – стр. 200–209.
    8. Eeseaec.org (2021). Энергетический профиль Франции. Сілтеме: https://www.eeseaec.org/energeticeskij-profil-francii. Қаралған күн: 25.12.2021.
    9. Furuncu Y. (2016). Türkiye’nin Enerji Bağımlılığı ve Akkuyu Nükleer Enerji Santralı // Cumhuriyet Üniversitesi Fen Edebiyat Fakültesi Fen Bilimleri Dergisi. – № 37 (Special Issue II). – s. 198-207.
    10. Kapital.kz (2021). Президент об АЭС: Нам придется принимать непопулярные решения. Сілтеме: https://kapital.kz/economic/100505/prezident-ob-aes-nam-pridet-sya-prinimat-nepopulyarnyye-resheniya.html. Қаралған күн: 27.12.2021.
    11. Ktga.kz (2021). Тарифы и цены. Сілтеме: http://www.ktga.kz/referential/tariffs-and-prices/. Қаралған күн: 27.12.2021.
    12. Tengrinews.kz (2021). «Вновь заговорили об АЭС». Как возрождается атомная энергетика Казахстана. Сілтеме: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/vnov-zagovorili-aes-vozrojdaetsya-atomnaya-energetika-447830/. Қаралған күн: 26.12.2021.
    13. World-nuclear.org (2021a). Uranium Production Figures, 2011-2020 (2021a). Сілтеме: https://www.world-nuclear.org/information-library/facts-and-figures/uranium-production-figures.aspx. Қаралған күн: 26.12.2021.
    14. World-nuclear.org (2021b). Uranium and Nuclear Power in Kazakhstan. Сілтеме: https://www.world-nuclear.org/information-library/country-profiles/countries-g-n/kazakhstan.aspx. Қаралған күн: 26.12.2021.

    Бұл блогта жарияланған пікірлер автордың жеке көзқарастары болып табылады, институттың көзқарасын білдірмейді.

    Жандос Құдайбергенов

    Junior Research fellow

    Жандос Құдайбергенов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразия институтының зерттеушісі. 2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2011-2013 жылдары Хаджеттепе университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Нәтижесінде, «Оңтүстік-Шығыс Азиядағы интеграциялық процестер» атты магистрлік диссертациясын сәтті қорғап шықты. 2018 жылы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Менеджмент» мамандығына докторантураға түсті

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button