Білім

Үздік университет тынысы

Жоғары білім

Еліміздің батыс аймағындағы үздік жоғары оқу орны — Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті Қазақстанның 5 аймағы бойынша кадр тапшылығы мәселесін шешуде үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Шараға қатысқан университет ректоры Әсет Қалиев аталған оқу орнының өткен оқу жылындағы жұмыстарын қорытындылап, алдағы оқу жылының жоспары туралы айтты.

Біздің университет еліміздің 5 аймағыбойынша кадр тапшылығыншешуде жетекші рөль атқарады. Оқу орнының басты мақсаты — жоғары білікті мамандарды даярлау.

Былтыр университет ғылым да да, білім беруде де біршама жетістікке жетті.

Бұрын 41 білім беру бағдарламасы болса, бүгінде олардың саны 79-ға жетті. Биыл «Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру» бағыты бойынша 4 жаңа оқу бағадарламасы ашылды. Олар: медицина, стоматология, педиатрия, медмок-профилактикалық іс. Сондай-ақ стоматология, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау және мейірбике ісі бойынша 7 жаңа жеделдетілген бакалавриат бағдарламасы ашылды. Жаңадан ашылған Литва денсаулық ғылымдары университетімен (Каунас қаласы) бірлесіп,қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша жаңа қосдипломдық бағдарлама ашылды. Бұл біздің түлектерге еуропалық үлгідегі диплом алуға мүмкіндік береді, — деді ректор.

Оның айтуынша, жаңа бағдарламалар ашу арқылы студенттердің санын көбейту және шетелдік студенттердің үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жасалған.   Бүгінде университетте 7200 студент білім алып жатыр. Оның 20 пайызы — шетелдік студенттер.

Университеттегімақтанышпен айтатын жетістіктердің бірі — Америка жүрек қауымдастығы (АЖҚ) оқу алаңының ашылуы.Бұл жоба студенттердің, резиденттердің, профессорлық-оқытушылар құрамының және шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша практикалық денсаулық сақтау мамандарының оқу процесін жақсартуға және практикалық дағдыларын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Университет әлемнің жетекші медициналық және ғылыми мекемелерімен бірқатар серіктестік келісімдерін жасай отырып, халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытты. Бұл тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және халықаралық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты. Осының арқасында студенттер мен оқытушылар Литва денсаулық ғылымдары университетінде, Шираз университетінде (Иран), Ташкент медицина университетінде (Өзбекстан) халықаралық білім беру және ғылыми бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік алды.Жақындамейірбике ісі ғылымының бағытын дамыту мақсатында оқытушыларымыз Гонконг университетіне (Қытай) барады, — деді Әсет Қалиев.

Оның айтуынша, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері ғылыми зерттеулерге белсенді қатысып жатыр. Оның нәтижелері халықаралық рецензияланған журналдарда жарияланды.

Бірінші тоқсанда халықаралық рецензияланатын журналдардағы ғылыми жарияланымдар саны артты. Бұл университеттің әлемдік деңгейде ғылыми мәртебесін көтеруге ықпал етеді, — деді ректор.

Ауруларды емдеу және алдын алу саласында жаңа технологиялар әзірленіп, енгізілген. Бұл өңірдегі медициналық көмектің сапасының айтарлықтай жақсаруына сеп.

«Қазақстан халқы» қорының қаражатына ауылдық және шалғай елді мекендердегі медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартатын екі жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. «Samruk-Kazyna Trust» қорының көмегімен жаңа онкологиялық оңалту бөлімшесі ашылды.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті алдағы оқу жылында ауқымды міндеттер қойып отыр. Университеттің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту және медициналық білім берудегі әлемдік үрдістерге сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту — басты міндеттердің бірі.

Университет халықаралық серіктестер желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерді дамытуға, ғылыми жобаларды коммерцияландыруға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button