Денсаулық

Біз туберкулезді жеңе аламыз!

24 наурыз — Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

Республика бойынша 24 ақпан-24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған туберкулез ауруының алдын алуға арналған айлық өткізіліп жатыр.

Осы айлық аясында Ақтөбедегі №4 қалалық емхана қызметкерлері «Анаға тағзым» орталығында «Біз туберкулезді жеңе аламыз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға емхана фтизиатрлары И.Қиясова, К.Серікбаева,   эпидемиолог А.Оқас, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы А.Шабилова қатысты.

— Туберкулез — өте кең таралған жұқпалы ауру. Әлемде өлім-жітімнің ең көп таралған 10 себебінің бірі — осы туберкулез қоздырғышы. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, №4 қалалық емханаға қарасты учаске тұрғындары арасында туберкулезбенауру көрсеткіші — 32,1 пайыз. Өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ал 2022 жылы 3 баладан туберкулез ауруы анықталды. Балалар арасында туберкулезбен аурудың басты себебі — осы ауруға қарсы екпеден бас тарту және науқаспен ұзақ уақыт тығыз байланыста болу. Бірақ 2023 жылы балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез тіркелген жоқ, — дейді аталған емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Алмагүл Айтқұлова.

Дөңгелек үстел басында фтизиатрлар нәресте өмірге келген алғашқы аптасында оған БЦЖ екпесі егілетінін, бірнеше жылдан кейін туберкулездің алдын алу мақсатында ревакцинация жүзеге асырылатынын,Манту сынамасы арқылы ревакцинация жасалатын балалар іріктелетінін жеткізді. Сонымен қатар ересек тұрғындар арасында жаппай флюорографиялық тексеру өткізудің тиімділігі жоғары екендігі,жыл сайынғы тексеру туберкулезбен ауыратын адамдарды уақтылы анықтауға көмектесетіні де айтылды.

Эпидемиологтер туберкулез ошақтарын сауықтыру жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларқоздырғыш көзіне, берілу жолдарына және туберкулезге бейім адамдарға әсер ету арқылы жүргізілетінін әңгімеледі.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button