Денсаулық

180 дәрігер жетіспейді

Біздің облыста халыққа жалпы саны 675 учаскелікдәрігер қызмет көрсетеді. Оның 119-ы — педиатр, 556-сы — жалпы тәжірибелік дәрігерлер. Бір учаскеде орта есеппен 1544 адам тіркелген.

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының өткен жылғы жұмысының қорытындысына орай ұйымдастырылған баспасөз жиынында айтылды. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Түлкібаева мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ облыстық филиалының директоры Алтай Оразбағамбетов қатысты.

Жиында айтылғандай, облыстағы тәуліктік және күндізгі стационарлардың 6 209 кереует қоры бар. Өткен жылы тәулік бойғы стационарларда — 156 мыңнан астам адам, ал күндізгі стационарларда 73, 5 мың адам ем алған.

Облыс бойынша Бірыңғай дистрибьютор арқылы 66 медициналық ұйым дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. 2023 жылы амбулаториялық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен, қажетті медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге 8,2 миллиард теңге қаржы бөлінген.

2018 жылдан бастап Ақтөбедегі №3 қалалық емхана үздік тәжірибелер орталығы ретінде танылды. Сондай-ақ Хромтау аудандық ауруханасы озық тәжірибені енгізу орталықтарының қатарына қосылды. Олардың қатары жыл сайын көбейіп отыр, үздік орталықтарда жинақталған тәжірибе өңірдің барлық медициналық ұйымына таратылады.

Ауыл халқына медициналық көмек көрсету сапасын арттыру үшінөткен жылыреспубликалық орталықтардың бейінді мамандарының қатысуымен барлығы 419 телемедициналық қызметкөрсетілген. Сонымен бірге облыста 12 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеп тұр. Кешендер рентген-флюорографиялық қондырғы, ультрадыбыстық аппарат, т.б. қажетті аппараттармен жабдықталған. Бұл кешендер өткен жылы аудандарға 85 рет шығып, 48 мыңнан астам адамға қызмет көрсеткен. Қорытындысында 611 адам диспансерлік есепке алынды.

Сонымен қатар2023 жылы облыста денсаулық сақтау инфрақұрылымы бойынша 11 нысан салынды. Бұл жұмыстарға 2,3 миллиард теңге қаражат жұмсалған.

Қазір өңірде медицина саласында барлығы 12, 2 мыңнан астам адам еңбек етеді.Олардың  4,1мыңы — дәрігерлер. Оның ішінде 329 дәрігер жұмысқа өткен жылы қабылданған. Ауылға баратын жас мамандарды ынталандыру үшін берілетін біржолғы төлем 3 миллион теңгеге дейін өсті, жас дәрігерлерге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беріледі. Ал қала бойынша жас мамандарға 60 арендалық пәтер қарастырылған. Соған қарамастаноблыстың медицина саласында әлі де кадр тапшылығы бар. Сала басшыларының айтуынша, қазір 180 маман жетіспей отыр.

А.САРЫБАЙ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button