Ауыл
Біздің өз мұз айдынымыз бар
Қобдада бір мезетте 25 адам коньки тебе алатын мұз айдыны ашылды. Мұздан құйылған алаңның ұзындығы — 40, ені — 20 метр.
Ауыл тұрғындары үшін қысқы демалыс алаңын жеке кәсіпкер Шәміл Құбашев жасап берген.Айдынның маңына сырғанақ тебуге арналған конькилерге дейін әкеліп қойған. Сырғанақ тебуге өзконькиіңізді алып келсеңіз — сағатына 600 теңге, ал конькиді сол жерден жалға алсаңыз 1000 теңге төлейсіз.
Әуесқойлар үшін дүйсенбі мен жексенбі күндерікүндізгі сағат 10.30-18.30 аралығында үзіліссіз, ал кәсіпқойлар үшін сейсенбі,бейсенбі күндері кешкі сағат 19.00- 21.00 аралығында жұмыс істейді.
Анаргүл ЕГІЗБАЕВА,
Қобда ауданы.