Құқық

Сауалдарыңызға заңгер Серік Жолдыбай жауап береді

Заң

Соғыс ардагерлерімен теңесем бе?

— Мен Семей полигонындағы жарылыстарға қатысқан жауынгермін. Қолымда Қорғаныс министрлігінің бұрынғы Курчатов қаласындағы әскери бөлімде қызмет атқарғанымды растайтын анықтамасы бар. Дәл сондай анықтаманы жергілікті әскери комиссариат та беріп отыр. Менің мәртебем Ұлы Отан соғысына қатысушылармен теңесе ме? Егер теңессе, ондай куәлікті қандай мекеме береді?

Алтынбек.

— Сіздің құқығыңыз ең алдымен Семей ядролық сынақ алаңындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы 1992 жылы 18 желтоқсанда қабылданған №1787-XII Заңда көзделген. Заңның 3-тарауында 1949-1990 жылдарда онда болған (өмір сүрген) азаматтардың, соның ішінде бұрынғы әскерилердің мәртебесі белгіленген. Заңның 11-бабына сәйкес оның санаттарына кіретіндерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын қуаттайтын куәлік (анықтама емес) беріледі. Сондықтан алдымен осындай куәлік алып алуыңыз қажет.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 заң күші бар Жарлығында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге және оларға теңестірілгендерге берілетін жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау шаралары көрсетілген. Солардың қатарында 1986-1987 жылдарда Чернобыль атом электр стансасындағы, басқа да азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілерде радиациялық апаттар салдарларын жоюға, сонымен бірге, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысушылар да бар. Сіздің бұрынғы әскери қызметіңіздің осы санатқа енетіні немесе енбейтіні айналып келгенде қолыңыздағы құжаттарыңыздың негізінде тағы да әскери комиссариатта анықталады.

 

Алиментті көбейтуге көмектессеңіздер екен

— Ажырасқан күйеуімнен сот шешімімен екі балама төленетін 4700 теңгені бір жыл бойы алып отырдым. Ол жұмыссыз болғандықтан ба, алиментті осындай мөлшерде белгілепті. Екінші баламның туғанынан жүрек ақауы бар еді. Сотқа баламның осы жағдайын көрсетіп арыз жазып едім, алимент мөлшерін 1300 теңгеге көбейтіп берді. Яғни, барлығы 6000 теңге болды.

Бірақ бұл ақша да бәрібір жетпейді. Жүрегі ақаулы балам дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында ота жасатуға кезекте тұр. Менің балаларыма дәрі-дәрмегін әперуіме, әлеуметтік жағдайын жасауға дәрменім жоқ. Білгім келетіні – балаларым үшін осынша мөлшерде алимент төленуі қаншалықты дұрыс? Және де оның мөлшерінің 15000-20000 теңгеге дейін көтерілуіне жәрдемдесулеріңізді өтінемін.

Нұргүл Мырзиярқызы.

 

— Алимент мөлшері қатаң түрде заңға сүйенген сот кесімімен ғана белгіленеді, көбейтіледі немесе кемітіледі. Оны төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот ай сайын бір балаға — ата-анасы табысының және өзге де кірісінің — төрттен бірі; екі балаға — үштен бірі; үш және одан да көп балаға — тең жартысы өндірілетін етіп белгілейді. Бұл мөлшерді сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, жоғарыда айтқанымыздай, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңның 25-бабы). Егер алимент төлеуші жұмыс істемейтін болса немесе табысы туралы анықтама тапсырмаса, онда жоғарыда көрсетілген үлес аймақтық (облыстағы, астана немесе республикалық маңызды қаладағы) орташа айлық жалақының мөлшерімен (айталық, интернет дереккөздеріне қарағанда Ақтөбе облысында биылғы ақпанда 70 648 теңге болды)  айқындалады. Балаңызды емдетуге байланысты қосымша шығындар туралы түбіртектеріңізді қоса тапсырып, сотқа арыз жазу арқылы бұрынғы күйеуіңізден оның жартысын өндіруге мүмкіндігіңіз бар.

 

Мына телефондар бойынша хабарласуға болады:

тел.: 8 (7132) 56-21-64; 51-04-13; 8-702-318-04-13

E-mail: sultan.ns@mail.ru

Басқа жаңалықтар

5 Comments

  1. Менін күйеуім бұрын ажырасқан,бір баласы бар 4жаста.Бұрын 5000 тенге төлеп жүрді.енді 2014 ж. заң бойынша 27000 тенге төлеуі тиіс пе?жұмыс жасамайды,жасаған күнде де жалақысы 40000 нан аспайды.Алимент мөлшерін азайтуға бола ма?

  2. Мен 02.09.2014-24.12.2014 жыл (4 ай) аралығында қайта даярлау курсынан өттім. Өту барысында менің еңбекақы жалақым сақталды. Ал іс-сапар шығындары төленген жоқ. Себебін білу үшін бас дәрігердің атына арыз жаздым.Еңбек шартын негізге ала отырып іс-сапар шығындары төленбейді деген ауызша жауап алдым. Өз басым еңбек шартымен алдын-ала танысқан емеспін. Не себепті Іс-сапар шығындары төленбейді.

  3. Менің туған апам тұрмысқа оңтүстік қазақстан облысы, бірлік ауылына шыққан еді. Қазір әке шешемнің қолында жолдасы екінші рет үйленген, менің апам некеде тұрмаған бірінші бөпесінде әкелік анықтамасы бар, екінші бопесін аке шешемнің үйінде босанды. Енді екі балаға да алимент қалай алуға болады қандай құжаттар қажет?

    1. Cәлеметсіз бе? Заңгер мырза!Мен бастауыш сынып мұғалімімін.Еңбек өтілім 34жыл.Біз ай сайынғы еңбек ақымызды казком банктен алып келдік.Жыл басынан бастап директорымыз Форте банкке ауысасыздар деп тех қызметкерлерді бір ауыздан бізді арыз жазыңдар қалатынларың деп лаң салуда…Ұжымға ескертусіз,жеке меншік мектеп құсап,өз еркімен осындайға жол беруге бола ма?Қандай құқықты бұзып отыр?Көбі қарсы болса да мен шешім шығарып,бугалтерияға бұйрық беріп қойдым деуі қаншалықты дұрыс?Рахмет!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button