Үлкен өзгерістер күтеміз
Амангүл ЕШПАНОВА,
облыстық халық шығармашылығы орталығы жанындағы «Шашу» халықтық отбасылық ансамблінің жетекшісі, «Шапағат» медалінің иегері,
ҚР Мәдениет саласының үздігі.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткені белгілі. Әуелі 2023 жылы атқарылған жұмыстар айтылған жиындаМәселен, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы нақты тапсырмалар да берілді. Үкіметке Жаңа Салық кодексінің әзірленуі, жаңа инвестициялық кезеңді бастау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау, инвестиция тарту жұмыстарын мықтап қолға алу қажеттігі турасында тапсырмалар берілді. Әр министр мен әкімнің осы бағытта атқарған жұмысына нақты баға берілмек.
Бұл — халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шаралар екені сөзсіз.
Президент экономиканың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып қана қоймай, әлеуметтік салаға да айрықша мән берді. 29 ұл-қыздың ата-анасы ретінде бізді еліміздегі әрбір экономикалық, әлеуметтік іс-шаралар біз үшін аса маңызды.
Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасын жаңа Үкімет атқарады деген сенімдемін. Оң өзгерістер күтеміз. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.