Денсаулық

Ұлттық жобаның игілігі

Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіге қарасты Көкбұлақ ауылында медициналық пункт ашылды.   

Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Айбек Көпенов келді. Медицина мекемесі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді. 2023-2025 жылдарға арналған жоба аясында ауданда  5 денсаулық сақтау мекемесінің  құрылысы аяқталды. Бағдарламаның басты мақсаты — ауыл тұрғындарының өмір сүру салты мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.

Бүгін қуанышты оқиғаның куәсі болып тұрмыз. Ұлттық жоба аясында ел игілігі үшін жаңа нысан пайдалануға беріліп жатыр.

Мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында көптеген бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі — «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы. Жоба аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттерді шешу жоспарланған, — деп Айбек Көпенов ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

20 орынға арналған медициналық пункттің жалпы құны — 175  млн теңге. Жер көлемі — 241  шаршы метр. Бас мердігер — «Стронефт» ЖШС.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button