Білім

Асықтың пайдасы

Мектеп

Асық ойыны —қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.

Асықты далада, алаңда ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді.

Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, піскен күйінде де сіңірінен тазалап, пайдалана береді. Шикі асық салмақты, берік келеді. Асықты кез келген жерге тастай салсаң, не тұра қалады, не жатады. Тұрса, не алшы, не тәйке, не омпы тұрады да, жатса, не бүк, не шік жатады. Жолында омпы тұрған асықты көрген қазақ «жолым болады екен»деп ырымдап, оны сақтап қояды. Өйткені асық омпысынан өте сирек тұрады.

Асықты жақ-жақ болып та, екі бала да ойнай береді. Балалар тым көп болса, дау көбейіп,мәнін жоғалтады.

Мектебімізде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұлттық ойын түрлеріне арналған сабақтарды оқу жоспарына енгізіп жатырмыз. Бұл балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыра түседі.

Бақытгүл САТМАҒАМБЕТОВА,

№7 Хромтау мектеп-гимназиясының 

денешынықтыру пәні мұғалімі.

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button