Жастар

Студенттер сыйы

Қысқы каникулға барған студенттер Қарабұтақ ауылында тамаша кеш ұйымдастырды.

«Өлкемді өрнектесін әсем әуен» атты кешке жиналғандар қарасы көп болды. Бұл күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйіндегі биылғы жылдың алғашқы концерті болатын.

Жастар іс-шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалған. Бүгінде еліміздегі айтулы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қыз-жігіттер ән де айтты, күй де тартты, би де биледі.

— Бұрын біздің ауылда «Өлкемді өрнектесін әсем әуен» деген атаумен республикалық фестиваль өтетін еді. Біраз жылдан бері болмай кеткен ауқымды іс-шараны ауыл жастары қайта тірілткендей болды. Бұл — өсіп келе жатқан балалар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар кездесу, ал ата-әжелеріміз үшін өткен шағын еске түсірген әсерлі кеш болды. 

Концертке шақырту алып, ауыл жастарын біз де қолдап қайттық.

Қарабұтақ ауылының жастары қысқы каникул кезінде мұндай концерт ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Сахнада өнер көрсеткен жастар осыдан 10 жыл бұрын «Жалындаған жастық шақ» ән кешін бастаған қыз-жігіттердің ізбасаралары десек болады. Бұның әрі қарай жалғасын табатынына да сенім мол, — деді «Замандас» халықтық театрының режиссерыГүлдана Қалмағанбетова.

Кеш соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Анар Көлмырзақызы сөз сөйлеп, аудан әкімінің орынбасары Мақсат Орынбасардың атынан жастарды Алғыс хаттармен марапаттады.  Ал аудандық «Целинник» мәдениет үйінің  директоры Нұрсұлтан Тілеужанов ауыл жастарына ризашылығын білдіріп, ауылдық Мәдениет үйіне музыкалық аппаратураның сертификатын табыстады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ,

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button