Жастар

Ауланы қардан тазартты

Қайырымдылық

«Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында тыл ардагері, ардагер ұстаз Зоя Бойконың ауласын қардан тазартып берді.

Тылда еңбек еткен Зоя Бойко кейінгі отыз жылын білім саласына арнаған. Ол Ақтөбе қаласындағы №5 орта мектепте жұмыс істеген. Соғыстың ауыртпашылығын ерте сезінген тыл еңбеккері сол кездегі естеліктерімен бөлісті. Анасының көп жұмыс істеп, балаларын қарауға шамасы келмеген кездерін мұңая еске алды.

— Алты-жеті жастағы балалар егіс алқабында қолмен бидай теріп, ауыр жұмыс жасады. Тамақтың орнына бидай қуырып жеді. Біз түнде жылы шұлықтар мен қолғаптар тоқып, майданға жібердік, — дейді кейуана.

«Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері ардагердің әңгімесін ұйып тыңдап, батасын алды.

  • Қарттар — біздің асыл қазынамыз. Бұл кісілердің еліміздің өсіп-өркендеуіне, біздің бейбітшілікте өмір сүруімізге қосқан үлесі зор. Олардың өмір жолы — бізге үлгі-өнеге. Біз жыл сайын қыс айларында осындай акциялар ұйымдастырып, қарияларға көмек қолын созамыз. Биыл қар көп жауды. Сондықтан жастар болып жұмылып, қариялардың ауласын тазартып, батасын алып жатырмыз, — дейді «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әлішер Тыныштық.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button