Венераның сыйлығы
Жаңа жыл қарсаңында Қобдадағы Қобыланды батыр атындағы мектептің 6-сынып оқушысы Венера Көбеноваға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұялы телефон сыйлады. Мемлекет басшысының сыйлығын бүгін аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев тапсырды.
Венера «Шырша тілегі» акциясы аясында Президентке хат жазып, ұялы телефон алғысы келетінін айтқан. Тәртібі мен оқу үлгерімі өзге оқушыларға үлгі боларлық қыздың арман-тілегі орындалды. Жаңа жыл қарсаңында Президенттің сыйлығын аудан әкімі Венераның үйіне арнайы барып табыстады. Алдымен Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып беріп, кейін өзінің ақ тілегін жеткізді.
Бұдан Венера мен оның кішкентай інісіне тәтті толы қорап сыйлады.
Баласының қуанған сәтін көрген анасы Гүлжамал ел ағаларына рақметін айтып, алғысын білдірді.
Ақерке САТЫБАЛДЫ.