Денсаулық

Жедел жәрдем қызметі: шақыртулар неге көп?

«Қазіргі жағдай ковид кезінен де қиын болып кетті. Телефонға бір сәтте дамыл жоқ. Тәулігіне 1800-ден астам шақырту қабылдаймыз. Бұрын-соңды, тіпті пандемия кезінде де мұндай дабыл туғызатындай жағдай болмап еді». Бұл — облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекетінің бас дәрігердің орынбасары Дастан Панақызының сөзі.

Соңғы кезде әлеуметтік желіде қызметтің бұл түрінің мамандарына шағымданушылар тым көбейіп кетті. Мұның себебі неде? Біз облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекетіне барып, ондағы қызметкерлермен сөйлескен едік. Сонымен…

Жанкешті еңбек

— Жедел жәрдем қызметі — медицинаның іргелі, күрделі, беткеұстарсаласы. «Жедел», «шұғыл»депатыатаптұрғандай,адамның тәнімен бірге жаны қиналғанда, жандәрмен күй кешкенде ең алдымен науқас үшін жанын шүберекке түйіп, жанұшыра қызмет ететін осы жедел жәрдем қызметінің мамандары. Жедел жәрдем қызметінің маманы болу үшін ең алдымен адамға мінез керек. Мінез батыл шешім қабылдай алуға, табанды әрі шыдамды болуға сеп. Осындай ізгі қасиеттерді бойына жинақтаған маман жоғары сапалы қызмет көрсете алады. Дегенмен екінің бірінің қолынан бұл салада еңбек ету, халыққа қызмет ету келе бермейді, — дейді Дастан Панақызы.

Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекетінің ашылғанына биыл — 5 жыл. Орталық Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданында орналасқан. Шаһарда бұл басты бөліммен бірге екі бөлімше, екі бекет жұмыс жасайды. Сондай-ақ барлық ауданда бекеттер бар. Облыс бойынша жедел жәрдем қоңырауының барлығы осы бас орталыққа түседі. Барлығы осы жерде басқарылады. Қаладағы және аудандарға нұсқау осы орталық арқылы беріледі.

Халық көп жағдайда бізді түсінбейді. «Келіп болмайды, сағаттап күттік» деп айтады. Кейбір пациенттердің күтіп қалатынын жоққа шығармаймыз. Өйткені шақыртушылар тым көбейіп кетті. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігінің №225 бұйрығына сәйкесшақырулар 4 санат бойынша қабылданады. Бірінші санат — өміріне қауіп төніп тұрған науқастар. Бұлшақыртуға бригада 10 минуттыңішінде баруғатиіс. Екінші, үшінші, төртінші санаттағы науқастарға да мамандар бұйрықта көрсетілген уақытта баруға тырысады, — дейді бас дәрігер.

Төрт санатты тарқатып көрейік. Бірінші санатқа мынадай ауруға шалдыққандар жатады:есінен тану, тыныс алудың тоқтауы, жүрек тоқтауы, тыныс алу жолдарында бөгде заттың болуы, есеңгіреу халі, сіңір тартылу, кеуде тұсының ауырсынуы, бұлшық еттердің әлсіреуі, орталық нерв жүйесінің бұзылуы (сал ауруы), жындану,зақым келу салдарынан қан кету, жарақат алу салдарынан қан кету, бас, мойын жарақатынан қан кету, күйік, үсік шалу, жануарлар мен жәндіктердің залал  келтіруі, қан аралас құсу. Сондай-ақжарылыс, өрт, су басу секілді төтенше жағдайлар болғанда тұрғындарға бірінші санат бойынша шұғыл қызмет көрсетіледі.

Екінші санат бойынша жедел жәрдем қызметі шақырылған орынға 15 минуттан аспайтын уақытта жетуге тиіс. Екінші санатқа жататындар: пациенттің ес-түсінен айырылуы, тыныс алу жолдарының бұзылуы (демікпе, аллергия, жүрек ауруы, улану жағдайлары жәнет.б.), жүрек соғысының бұзылуы, 3 жасқа дейінгі балалардың дене қызуы 38°С жоғары болуы, бөртпе, жарақат алу салдарынан қан кету,  улану, жүкті әйелдердің бас ауруы, құсу, іш өту.

Үшінші санат бойынша жедел жәрдем қызметі шақырылған жерге 30 минуттан аспайтын уақытта жетуі қажет. Бұл  санатқа жататын ауру түрлері:жарақат алу, іш ауру, дене қызуының көтерілуі, жүкті әйелдердің іш ауруы (жүктіліктің тоқтатылу қаупі), балалардың күйіп қалуы, үсік шалуы.

Төртінші санат бойынша жедел жәрдем қызметі шақырылған жерге 1 сағаттан аспайтын уақытта жетуі керек. Оған төмендегі жағдайлар жатады:өмірге қауіп төндірмейтін созылмалы аурулардың асқынуы, терінің қабынуы, ісінуі, жеңіл жарақаттар, созылмалы аурулардың қабынуы, тамақтан улану салдарынан іш өту, құсу, жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін), босану, түсік жасатудан кейінгі асқынулар, т.б.

Әсіресе балалар бригадасындағы дәрігерлердің жүктемесі көп. Есет батыр және Батыс-2 шағын аудандарында халық өте көп тұратын болғандықтан осындағы тұрғындар балалар дәрігерлерін жиі шақыртады, — дейді Дастан Панақызы..

Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекетінде 845 адам жұмыс жасайды. 70 маман бала күтіміне байланысты демалыста.

Қала бойынша 36 бригада, аудан бойынша 16 бригада бар. Қазір тұрғындардан шақырту тым көп болғандықтан облыс орталығындағы бекетке тағы 5 бригада қостық. Заңнама бойынша бізде 49 диспетчер болуға тиіс. Дегенмен тұрғындар тарапынан көп шақырту болғандықтан қазір 63 диспетчер жұмыс жасап жатыр.

Бекеттің материалдық базасы мықты. Автопарк біршама жаңартылды. 35 жаңа реанимобиль және 17 санитарлық автокөлік бар. Сондай-ақ бұрыннан қолданыстағы көліктеріміз бар, — дейді Дастан Панақызы.

Күн сайын 1800 шақырту қабылданады

Гүлжан ҚАЙСАҒАЛИҚЫЗЫ, Callорталықтың аға дәрігері: 

Call-орталықта тәулік бойы 14 пульт жұмыс жасайды. 9 пульт шақыртуды қабылдап, бағыттаушы диспетчерге жібереді. Қалғаныаға дәрігерлер, ауданның диспетчері, қаланың диспетчері, 4-санаттың диспетчері. Олардың міндеті — санат бойынша түскен шақыртуларды бригадаларға жібереді. Олар да тәулік бойы жұмыс жасайды.

Бірінші санаттағы науқастардан түскен қоңырауды қабылдаған диспетчер науқастың мекен жайын, байланыс нөмірін толық жазып алады. Сондай-ақ бригада жеткенше телефон соққан адаммен байланысты үзбей, науқасқа қажетті кеңесті айтады.

Қазір вирусты инфекция, қызылша күрт көбейіп кетті. Сондай-ақ қыс мезгілінде жүрек аурулары, жарақаттар көбейіп кетеді.

Қазан айының аяғынан бастап шақыртулар көбейіп кетті. Соңғы бір апта бойы күн сайын 1800 шақырту түсіп жатыр. Әсіресе кешкі сағат 19.00-ден түнгі 3.00-ге дейін шақырту өте көп. Ата-аналар шыдамсыз. «Қызу түспей жатыр» деп дабыл қағады. Емханадан учаскелік дәрігер келіп, емін беріп кеткеннен кейін де бізді шақыра беретін тұрғындар бар. №225 бұйрық бойынша жедел жәрдем қызметінің мамандары қызуды түсіру үшін науқасты екпейді, парацетамол немесе ибуфен береді.  Дене қызуы 38 градустан асқан жағдайда ғана балаға дәрі беру керек. Науқасқа сұйықтықты көбірек ішкізу ақылы қызуды түсіруге болады. Алайда ата-аналар мұны ескере бермейді. Айта кету керек, науқастың дене қызуы 38 градустан асқан жағдайда ғана жедел жәрдем шақырту керек.

Тұрғындардан жедел жәрдем қызметінің мамандарының жұмысына түсіністікпен қарауын өтінеміз. Шақыртулардыңкөптігінеқарамастан, өміріне қауіп төнген науқастарға бірінші кезекте шұғыл барып, жедел медициналық көмек көрсетуге бар күшімізді саламыз. Медицина қызметкерлері жеткенше телефонмен кеңес бергіміз келеді, бірақ тұрғындар бізді тыңдағысы келмейді.

Инфекциялық ауру өршіп тұр

Гүлмараш БАЛМАҒАМБЕТОВА, сарапшы-дәрігер:

Қазір инфекциялық ауру өршіп тұр. Бір үйде бірнеше адам ауырып жатыр. Жақында ғана шақыртуларға талдау жасағанмын. Былтырғы қараша, желтоқсан айларымен салыстырғанда инфекциялық аурулар биыл 3,5 есеге дейін артып отыр. Өткен жылы инфекциялық ауруға  шалдыққан 952 науқасқа шақырту алғанбыз. Биыл инфекциялық ауру 3500-ге жуықтаған. Әлі ай аяқталған да жоқ. Сол себепті бұл дерек әлі көбеюі мүмкін.

Тәулігіне 3 мыңнан астам шақырту болады. Бір науқасқа баласы, қызы, келініз вондауы мүмкін. «Бригада келіп болмай жатыр» деп қоңырау шалатындар бар. Сөйтіп, қоңырау саны көбейіп кетеді. Бұл екінші бір науқастың шақыртуын қабылдауға кедергі келтіреді. Ал мамандар нақты 1800-ден астам үйге барады. «Тісі ауырып жатыр» деп шақыратындар бар. Тісі аыуратын (асқынулар болмаса) науқастарға бару жедел жәрдем қызметінің міндетіне кірмейді. Адамдар «көшеде біреу жатыр»деп те жеделжәрдемшақырады. Барсақоладамкетіпқалғанболыпшығады. Міне, мұның бәрі уақыт алады.

Айта кету керек, жедел жәрдем қызметінің мамандары шақыртуға барғанмен, олар алғашқы көмек қана береді. Олардың ем тағайындау құқығы жоқ.  Сол себепті созылмалы дертке шалдыққан, өміріне қауіп төніп тұрмаған әр пациент өзі бекітілген емханаға (облыс орталығында 15-16 емхана бар) таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін барып, учаскелік дәрігерден ем алуы керек.

Болмашы аурсынуларға шақыра береді

Айжан АМАНЖОЛОВА, облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекетінің аға дәрігері:

— Бригадалармен тікелей жұмыс жасаймын. Олардың шақыртуға уақтылы баруын қадағалаймыз. Жұмыс ауыр болғандықтан болар, дәрігер жетіспейді. Негізінен, балалар бөлімінде ғана дәрігерлер жұмыс жасайды. Жедел жәрдем қызметінде  фельдшерлер бар.

Шақыртулар өте көп. Бір бригаданың өзі тәулігіне 30-ға жуық шақыртуға барады. Мамандар бір сәт тыным жоқ.  Уақтылы тамақтана да алмайды.

Ал олардың жанкешті еңбегін жұртшылық түсінбейді. Болмашы ауырсынуларға жедел жәрдем қызметін шақыртады. Созылмалы ауруға шалдыққан науқастар уақтылы дәрілерін ішпейді. Сосын бастары ауырып, мазалары кетсе, бізге хабарласады. Мұндайда олар алдымен дәрігер берген дәрілерді ішуі керек. Бас ауырса, учаскелік дәрігерге баруға тиіс.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button