Білім

«Қалдырған ізің мәңгілік…»

Ақтөбедегі Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында ұстаз, география пәні мұғалімі Айгөлек Шаметова атындағы кабинет ашылды.

Ұстаздың отбасы және шәкірттерінің демеушілігімен ашылған бұл кабинет жаңа әдістемелік құралдармен толығып, қажетті жиһаздармен жабдықталды.

Қабырғаға оның өмір жолынан сыр шертетін тақта жасақталды. Ұстаздық жолын Мұғалжар орта мектебінен бастаған Айгөлек Шаметова мектебіміздің негізі қаланған 1996 жылдың 1 қыркүйегінен өмірінің соңына дейін осы №41 орта мектепте география пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен еді.

Ұзақ жылдар кәсіподақ ұйымының төрағасы, жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің жетекшісі болды, қала мектептерінің география пәні мұғалімдеріне арналған шығармашылық топ жұмысына да жетекшілік жасады.

Айгөлек Төлемісқызы 2009 жылы «Облыстың ең үздік мұғалімі» байқау-марафонының жеңімпазы атанды. Ол 2013 жылы ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.

Кабинеттің ашылу рәсіміне Айгөлек Шаметованың отбасы, бауырлары, бірге еңбек еткен әріптестері, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері және шәкірттері қатысты.

№41 мектеп-гимназияның директоры Гүлдария Әбдіғалиева мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі Нәзия Жақыпова сөз сөйлеп, ұстаз есімін есте қалдыру мақсатындағы іс-шараға атсалысқан жандарға алғыс білдірді.

Сондай-ақ білікті ұстаз, абзал әріптес Айгөлек Төлемісқызы туралы естеліктер де айтылды.

Мөлдір ЕРҒАЛИЕВА, Ф.Оңғарсынова атындағы

№41 мектеп-гимназиясының мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button