Мәдениет

Байқаудың жаңа жеңімпаздары

Байқау

Жас таланттардың өнерін қолдап, шыңдауды мақсат еткен қалалық «LAULA-2023» байқауы өз мәресіне жетті. Қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі өнер додасына қатысуға биыл 60-қа жуық жас өтініш білдіріпті.

— Іріктеуден сүрінбей өткен 30 өнерпаз ақтық кезеңге жолдама алды. Олар бұл кезеңде өзара вокал және поэзия жанрлары бойынша бақ сынасты. Екі жанрдың да бірінші кезеңі патриоттық тақырыптағы өлеңдер мен әндерге арналды. Ал екінші кезеңінде вокалистер еркін тақырыпта ән шырқаса, поэзияны сүйетін жастар жергілікті ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды, — деді қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Фариза Төлебаева.

Қазылар алқасының шешімімен вокал жанры бойынша Дильнара Мусина үздік деп танылып, 1-орынды жеңіп алса, поэзия жанрында Нұржан Аққұсов жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, қалалық «LAULA» байқауына 15 пен 25 аралығындағы жастар қатыса алады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button