Жастар

Онжылдық белес

Биыл Шалқар аудандық жастар ресурстық орталығының құрылғанына 10 жыл толып отыр.

Өткен аптада орталықтың 10 жылдығы аудан көлемінде аталып өтті. Шараға облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлыбек Мусин, Amanat партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Әлішер Тыныштық, «Жасыл ел» еңбек жасағы мен «Атамекен» студенттер отряды қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаев және аудандардағы жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері қатысты.

Шараға келген қонақтар аудандық тарихи-өлкетану мұражайын, белсенді ұзақ өмір сүру орталығын және Жанаман ахун Сейтімұлы жанындағы қайырымдылық мекемесін аралап, олардың жұмыстарымен танысты.

Салтанатты шара С.Батақұлы атындағы мәдениет үйінде өтті. «Озат елдің озық ойлы жастары» тақырыбымен өткен кеште аудан әкімі Жанболат Жидеханов сөз сөйлеп, жиналғандарға жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ жастар орталығымен бірлесе жұмыс жасаған бірқатар мекемелерді Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Шарада облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлыбек Мусин жастар орталығының облыс бойынша үнемі алдыңғы қатардан көрініп жүргенін тілге тиек ете отырып, облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың арнайы құттықтау хатын табыстады. Сондай-ақ облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның Алғыс хатымен ауылдық округ әкімдіктерін марапаттады.

Бұдан бөлек шарада ауданның бірқатар белсенді жастарына облыстық жастар мен балалар ұйымы қауымдастығының төрағасы Ж.Табылғановтың арнайы төсбелгісі мен Алғыс хаты табысталды. Кеш соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button