Білім

Ғабдуллинге арналды

Тәрбие

М.Ғабдуллин атындағы №70 орта мектепте«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұрпаққа аманат» жобасы негізінде «Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин» атты оқушылардың қалалық ғылыми конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің шығармашылығы мен қоғамға сіңірген еңбегін насихаттау, ерлік істерін жас ұрпаққа таныту.

Әуелі М.Ғабдуллин атындағы №70 орта мектептің директоры Дабылбек Құдайбергенов конференция жұмысына сәттілік тіледі. Конференция жұмысы

«М.Ғабдуллин: дәуір, тұлға, естелік», «Отанды сүю — батырлыққа бастар жол», «Ұрпаққа мәңгі өнеге М.Ғабдуллин» тақырыптары бойынша үш бағытта өтті.

Қатысқан әр оқушы өз секцияларына барып, баяндамаларын оқып, жобаларын қорғады. Оқушылардың жетекшілеріне тарих пәнініңмұғалімдері Д.Төреахметова мен Ж.Арыстанғали «Қызық екен…» зияткерлік ойынын өткізіп, белсенділерін мектеп директорының дипломымен марапаттады.

Конференцияға М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясы Ақтөбе қаласындағы Оқу орталығының мамандары қатысып,ақпарат берді.

Конференцияның қорытынды бөлімінде секция бағыттары бойынша үздік баяндамашылар дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ақмарал ҚАЛДЫБАЕВА,

М.Ғабдуллин атындағы №70 орта мектепдиректорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button