Жаңалықтар

Ауыл және ауызсу

Конференция

«Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында

«Ауыл» халықтық демократиялық-патриоттық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбековтің қатысуымен аймақтағы партия атынан сайланған депутаттар және ауыл шаруашылығы құрылымдары мен ұйымдары өкілдерінің қатысуымен конференция өтті.

Конференцияны өткізудегі мақсат —Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз ету, партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына қатысты, әсіресе су шаруашылығы, жер қатынастары мәселесіне байланысты біраз тапсырмалар жүктеген болатын. Оның үстіне, биыл 18 қазанда  «Ауыл» партиясының кезектен тыс ХХIII съезі өтті. Алқалы жиында сайланған партияның жаңа төрағасы алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы мақсатта ел аймақтарына шығып, сайлауалды бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысып, Жолдаудағы мәселелердің оңтайлы шешілу жолдарын қарастырып жатырмыз, — деді Т.Рахымбеков.

Облыста «Ауыл» партиясының 1200 мүшесі бар. Облыстық мәслихатта партия атынан сайланған 5 депутат, аудандық мәслихаттарда 13 депутат бар.

Бүгінгі таңда «Ауыл» партиясының ықпалымен Ақтөбе өңірінде біраз жұмыс тындырылды. Қазіргі күні депутаттар тарапынан Шалқар көлінің және жерасты ауызсуы шығатын «Көкжиде» бірегей кен орнындағы су мәселелері өзекті проблема ретінде көтеріліп жатыр. Бұл — мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселелер. Осындай мәселелердің шешілу механизмін түсінбейтіндер «Ауыл» партиясының Мәжіліске кіргеніне бір жыл болғанын алға тартып, осындай проблемаларды неліктен шешпейді деп жатады. Оны шешетін — атқарушы органдар, яғни әкімдіктер мен министрліктер. Ал партия және оның атынан өткен депутаттардың міндеті — жағдайды бақылау немесе мәселе көтеру, — деді партия өкілі.

Өткен жылы «Ауылдың үні шықсын!» деген ұранмен сайлауға түскен партиялықтар бүгінде жаңа девизді алға тартады. Ол — «Ауыл төрге шықсын!». «Осы сапарымда облыстық мәслихатта болдым. Депутаттар аймақтағы елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін жоғарыда айтылған мәселені көтерді. Бұл мәселе Мәжіліс депутаттары атынан жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігіне жолданды», — деді Төлеутай Рахымбеков.

Конференцияға қатысушылар салаға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, сауалдарына жауап алды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button