Білім

Тағылым мен тәрбие

Оқуға құштар мектеп

Ақтөбе қаласындағы №65 жалпы білім беретін орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында танымдық іс-шара өтті. Оған мектеп оқушылары мен ата-аналар қатысты.

Кездесу барысында оқушылар өзара пікір алмасып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Мектеп психологі Қызғалдақ Күсебай ата-аналармен қызықты тренинг өткізді.

Мектеп психологі ретінде оқушылардың ата-анасымен тығыз қарым-қатынас жасаймын. Ата-аналармен жеке дидарласып, баласының тәртіп бұзған әрекетке не үшін барғанын анықтауға тырысамын. Отбасында орын алған кикілжіңдер баланың мектеп үлгеріміне, тәртібіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Осы ретте ұстаздар мен ата-аналардың тығыз байланыста жұмыс жасауын қадағалаймын, — дейді психолог.

Іс-шарада кітапханашы Мейрамгүл Жұмабаева кітап көрмесін таныстырды. Сонымен қатар мектеп оқушылары өнер көрсетті. Зере Рахым «Желдірме» биін билесе, Ислам Нұрлыхан, Айдын Қабылғалимов «Бозторғай», «Әке»  әндерін шырқады. Жиын соңында оқушылар мен ата-аналар тілек ағашына ойларын жазып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Нұрлыгүл ЖАЙТУҒАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button