«Жастар рухы» вандализммен күресуде

«Қауіпсіз қоғам» республикалық акциясы аясында «Жастар Рухы» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалы әртүрлі шараларды іске асырып келеді. Жастар 20 қарашадан бастап полиция қызметкерлерімен бірге түңгі рейдке шықты, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сауалнама жүргізді. Ал бүгінгі шара вандализммен күреске арналды.
Бұл жолы «Жастар Рухы» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының белсенділеріжерасты өткеліндегібұзақылық пен вандализмнің іздерінен тазартуға кірісті. «Жастар Рухы» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Әлішер Тыныштықтың айтуынша, бұл мәселе жастарды ғана емес, бүкіл қоғамды алаңдатып отыр.
-Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғауға арналған жалпы республикалық акция биыл 20 қазанда басталған болатын. Астаналық «Жастар Рухының» 50-ден астам белсендісі осы бағыттағы алғашқы сенбілікті «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өткізіп, «Жұмақтас» жартасын тазалады.Ал Ақтөбе облысы бойынша біз 3 мәрте акция ұйымдастырдық. Нақтырақ айтқанда «Бөгенбай батыр» мүсінін, «Батырлар алаңы» саябағын, Саяси қуғын-сүргіндер ескерткішін тазарттық. Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын табады. Азаматтар вандализмге қарсы күресудің тиімділігін арттыру және оның алдын алуға қатысты түрлі ұсыныс пен идеялар айтуда, – деді ол.
Акциялардың барлығына атсалысып, белсенділік танытып жүрген Нұрсұлтан Оңталап мұның бәрі әрбір жеке тұлғаның тәрбиесі мен мәдениетіне байланысты екенін атап өтті.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында заңды қатаң сақтауды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі. Президент даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретініне назар аударды.Өйткені табиғатқа залал келтіруден бөлек, вандализм нашар тәрбиені көрсетеді. Сондықтан әрбір адам мәдениетті өзінен бастап қалыптастыру керек, – деді ол.
Айта кету керек, Amanat партиясы экология мәселесіне көп көңіл бөледі. Мәселен, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жұмыс аясында ел аумағында 2025 жылға дейін 2 млрд. түпке жуық ағаш отырғызылады. Сонымен қатар, ел аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында полиция және экология департаменттері рейд жүргізеді. Сондай-ақөндірістегіэкологиялықбастамалар да күшейтіледі.
Меңтай Бектұрсынова.