Білім

Үштіктің бірлігі үзілмесін

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлттық мүддені жоғары қоятын, өзінің туған жерін, Отанын қадірлейтін және оның әрі қарай дамуына үлес қосатын, терең білімді, озық ойлы саналы тұлға тәрбиелеу — басты міндет. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты да осы — жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Олай болса, үштік одақтың — ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы байланысты нығайту — бүгінгі күннің басты талабы. Жақында Шалқар ауданындағы №8 мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Дидар Ақмалай орталықтың  ашылуына сәттілік тілеп, мектеп директоры Рита Басмағанбетова ата-аналарды орталыққа бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Құралай Сүлейменова мектеп, оқушы, ата-ана байланысының нығаюына тілектестігін білдірді. Өмірден білген-

түйгендерін жастарға үйретуден әсте жалықпаған «Аталар» кеңесінің мүшесі,84 жастағы ақсақал Дүйсенбай Ешмұқанов пен қарияның немересі Жанел Дүйсенбаева «Ерке сылқым» күйін орындап, көрермен ықыласына бөленді. Бұдан кейін көпшілік мектеп оқушыларынан құралған «Мұзбалақ» триосының өнерін тамашалады.

Айнұр Жиеналина,

№8 мектеп директорының

 тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button