Денсаулық

Салауатты өмір насихатталды

Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні Мұғалжар аудандық ауруханада тұрғындарға арналған акция өткізілді.

Мұндасалауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары мен эндокринолог дәрігертұрғындардың артериалдықан қысымын, қандағы глюкоза мөлшерін өлшеп, қант диабеті ауруының алдын алу үшін зиянды әрекеттерден аулақ жүріп, дұрыс үйлесімді тамақтанып, дене белсенділігін арттыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ мұғалжарлықтарға скринингтік тексерістен қашпай, керісінше, уақтылы өту керектігін ескертіп, бүктемелер таратты.

Мамандар аудан орталығындағы орта мектептерде, колледждерде,спорт мектебінде болып, оқушылар мен мұғалімдерге, студенттер мен оқытушыларға қант диабетінің белгілерін, асқыну түрлері туралы айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Эндокринологтің айтуынша, Мұғалжар аудандық аурухана бойынша диспансерлік  есепте қант диабетімен 567 науқас тіркеліп тұр, оның 10-ы — бала.

Светлана ИНИСОВА,

Мұғалжар аудандық аурухана дәрігері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button