Ауыл

Бұлақты ауылында медпункт ашылды

Егіндібұлақ округінің орталығы — Бұлақты ауылында жаңа стандарттық үлгідегі медициналық пункт ашылды.

Жиырма келушіге арналған пункт қажетті заманауи құралдар және жаңа жиһаздармен жабдықталған.

Медициналық пункттің ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.

Жаңадан пайдалануға берілген медициналық пункттің құрылыс жұмыстарын «Baspana Buld» ЖШС жүргізді.Медициналық пункт Amanat партиясының «Жол картасы» сайлауалды бағдарламасы аясында салынды. Енді мұндағы екі медбике мен екі қызметкер Егіндібұлақ ауылдық округінің тұрғындарына алғашқы көмек көрсетеді. Жарақаттанғанда жарасын таңып, жедел аурулар мен уланған кезде алғашқы жәрдемін жасайтын болады.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button