Қауіпсіз өнім — денсаулық кепілі
Маман кеңесі
Азық-түлік өнімдері денсаулыққа қауіпсіз және құрамында ауру тудырғыш микроорганизмдер болмауы керек.
Тұтыну нарығында әртүрлі тағам өнімдерімен көп болғандықтан, қауіпсіз және сапалы өнімді дұрыс таңдау оңай емес. Сондықтан сауда нысандарында өнімді таңдағанда тұтынушы, бірінші кезекте, өнімнің қаптамасына назар аударуы керек. Ол құрғақ, таза, зақымдалмаған болуы керек. Қаптамада «тамақ өнімдерін сақтауға арналған қалташа» деген жазулар, белгілер болуы керек.
Тамақ өнімдерін таңбалау — жапсырылып жазған жазулар, таңбалауы түсінікті, оңай оқылатын, сенімді және тұтынушыларды адастырмайтын, тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі ішінде сақталуға тиіс тағам туралы ақпарат.
Тамақ өнімдерін таңбалау мынадай мәліметтерден тұруы керек: тамақ өнімдерінің атауы, оның құрамы, саны, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, тамақ өнімдерін дайындаушының атауы мен орналасқан жері, тағамдық құндылық көрсеткіштері, гендік-түрлендірілген организмдердің болуы туралы мәліметтер, нарық айналымының бірыңғай белгісі.
Өнімді таңдағанда өндірушінің таңбалауында көрсетілген сақтау шарттарына назар аудару керек. Мысалы, егер сіз өнімнің қаптамасының деформацияланғанын және жартылай фабрикаттардың бір-біріне жабысып қалғанын байқасаңыз, бұл өнімді сақтаудың температуралық режимі бұзылғанын, өнімдер жібітілгенін білдіреді. Мұндай өнім сапасыз ғана емес, сонымен қатар қауіпті болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз, ешқашан жарамдылық мерзімі өткен өнімді сатып алмаңыз.
Шикі тағамды дайын тағаммен бірге сақтауға жол бермеңіз. Шикі тағамның дайын тағаммен байланысын болдырмау үшін тағамды контейнерлерде сақтаңыз.
Ерекше иісі бар өнімдер иістерді қабылдайтын өнімдерден бөлек сақталуы керек.
Сондай-ақ өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттарға (сәйкестік туралы декларация, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ветеринарлық анықтама немесе ветеринарлық сертификат) назар аудару қажет. Әрбір тұтынушы сатушыдан жоғарыда аталған құжаттарды талап етуге құқылы екенін біле жүріңіз.
Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға жүргізілген мониторинг бойынша облыс тұрғындары тұтынатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне шағымдану жағдайларының жиілегенін көрсетеді. Мәселен, биыл департаментке және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді сауда желілерінде өткізу деректері бойынша 14 өтініш келіп түсті. Келіп түскен шағымдарды қарау барысында басқарма мамандары қаланың сауда нысандарына жоспардан тыс үш тексеру жүргізді. Тексеру барысында импорттық 44 литр сүт өнімі сатудан алынып тасталды, бұл іс бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 203-бабы 1-бөлігі бойынша 77 526 теңгеге айыппұл салынды.
Сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша қалалық полиция бөлімінен тамақ өнімдерін өткізу деректері бойынша келіп түскен материалдар негізінде сауда нысандарына 103 500 теңгеге екі айыппұл салынды.
Нұрлыбек ДОСЖАНОВ,
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті басшысының орынбасары.
Мунира БАЯНТАЕВА,
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің басшысы.