Әдебиет

Көркем өлең — көшірмесі әлемнің…

НҰРЛЫБЕК ҚАЛАУ

Нұрлыбек Қалау 1953 жылы Ойыл ауданының Саралжын селосында дүниеге  келді. 1974 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, Саралжын, Көптоғай, Саға орта мектептерінде мұғалім,директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы, облыстық халық шығармашылығы үйінің директоры, нашар көретін және зағип жандарға арналған облыстық арнаулы кітапхананың директоры болып еңбек етті.Бірнеше жыр жинақтарының, Сары Батақұлы мен Қызыл Тұрдалыұлы туралы зерттеу еңбектерінің авторы.

Өлеңдерінде айтар ойы анық, өзіндік көркем ұстанымы мен қолтаңбасы қалыптасқан ақын биыл 70 жасқа толып отыр. Біз ақынды мерейтойымен құттықтай отырып, оның соңғы кезде жазған өлендерін оқырман назарына ұсынамыз.

Қалам мен ғалам

Дүниеде қалам — ғалам егіз бар,

Бірін-бірі толтырып тұрған бүтіндер.

Менің кесіп айтуыма негіз бар,

Естімедім бар деп өзге үкімдер.

 

Қаламсыз ғалам — бостықтар,толы үрейге,

Жарықсыз күн,жосықсыз және бағыт та.

Аттап бассаң тап боласың дүлейге,

Толтырып қойған жер деген алып табытқа.

 

Ғаламсыз қалам қурайдан айырмасы жоқ,

От тисеоқыс,көзіңетоларболыпкүл.

Бұлшындықтысанаңдапайымдашы тек,

Мысалдегеніңкөзалдыңдатолыптұр.

 

Жаратушы—Ұлық, аймененкүн де — егіздер,

Сыңарсыз болужараспасжаралғандарға.

Сөз-жыр, ән-күйбұлар да жұптылебіздер,

Айырыларсәті — дүниеқараңқалғанда.

 

Жоғыңдыата, берейінтауып,түгендеп,

Бәрі бар, бәрі… он сегізмыңғаламда.

Аманат қып,қаттапқою—ұлыеңбек,

Тетігіоныңқауырсынтектесқаламда.

 

Мүйізбенжердікөтеріптұрғанкөкөгіз,

Оның да қамынҚалам мен Ғаламжасар-ды.

«Адамдыадаметкен» де, рас, осы егіз

Энгельскеұйып, отырамүнсізқашанғы.

 

Айтаалмаймын, осы өгізденарғыны,

Қалам — Ғалам құпиясымен тамаша.

Жаһандағы тау мен шыңның барлығы

Қолымдағы қаламсабымнан аласа.

 

Көптен бергі айташағым осы еді,

Ойлар да егіз, бірі — шаттық, бірі — мұң.

Пенде-ғұмыр бір-ақ сәтте өтеді,

Қалам жақсы, жалғап кетсе ғұмырын.

Алғышарт

Бекем болсын тақымың,

Іс мәнісі — осында.

Болбырлықтан

ақы мың,

Кетеді есең тосында.

Жұрт мақтайды

Алыпты —

Ел сенімін жүктеген.

Бос тақымнан

анық-ты

Ешкім ерлік күтпеген.

От кешіп, қан түкірер

Замандарда—

кер келген.

Үміт күткен

Бүкіл Ел,

Шеген тақым

Ерлерден.

Ат қиналса батып ер,

Жауға құлдық—

қанда жоқ.

«Қашқан жауға—қатын ер»

Собалақтар

санда жоқ.

Айылы бос жандарды

Қазақ, сірә, елей ме.

«Аттан құлағандарды

пері аңдиды» —демей ме?

Ұл туғызған—

іргелі Ел,

тәуекелмен тас жұтқан.

Ел бағына бір келер;

сом құйылып

Хас құттан.

Шоқтай демі

қарыған,

Тақымы

тасқарысып.

Өсу керек,

әр ұлан;

Асаулармен алысып.

Сөзбен орақ орудың

жан қиналмас

парқы көп.

Түсін,

Қазақ болудың

Бұл да

алғышарты деп.

Менің құйма тағдырым

 

Көңілімді көншітіп…

жарытпастан,

Саяқ жырым

Сағымға алып қашқан.

Салбурынға қосылған

Салқам едім,

Сұржебесі өтетін

жарыптастан.

Шабандоздай

жаралған қыз қууға,

Қуып келем,

Ару жыр жалықпастан.

Көзді арбап,

Көңілді жаулап алған

су моншақтың

сүрмесін сарықпастан.

Таудан асып,

тас жұтқан

Тәуекелмін,

Қадамым аз,

абайлап, анықбасқан.

Көңіл сүйген

бұл — менің көрешегім,

Мазалыға

мұңымды шағып қашпан.

Жазбасам да

ғажайып, алыпдастан,

Жырларымнан

кезі жоқ

халық қашқан.

Қарабастың қамына

қақпан құрып,

Үмітімді келемін арытпастан.

Қазынамды

өзіммін қорғайтын да,

Сауыт бұзар ажал-оқ

Дарытпастан.

Жүрек отын-қоламта

үрлеуменен,

Жеткенімше жаранға

жарықты ашқам.

Тағдырыма

Тілекші талайлардың

Талғамына төлтаңба қарып басқам.

«Мың бір түнде» дерттенген

ғашықтықтан

Мендей шығар,

дәруіш-ғаріп қасқаң.

Десеммені

Шер қобыз-шайыр ұғар,

Шапағатты шақтарда шарықтасқан.

Шашқан шығар

Менімен шашу бірге

Зеңгір көкте,

Шырайлы шабытты аспан.

Шамырқанып,

Сырменен Шын іздеймін,

Шар қайрақ боп,

шарт та шұрт шағып тастан.

Кейде түндей түнеріп

жүрерім бар,

Ақпа жырдың

алқасын ағытпастан.

Мен —

жасанды жақсы адам

Бола алмаймын,

Табамын деп шаршаман

бағыт,басқа ән …

Бұл—

өңдеуге келмейтін,

жөндеуге де,

Менің құйма тағдырым

қалыптасқан.

Бас туралы өлең

 

Ғұлама баста бар ма мұң,

Баспенен озған құндылар.

Тебуге добын Алланың

Пенделер неге тым құмар?

 

Пенделік пейіл—тоймас кеп,

Шабады түрлі зауыққа.

Содан да шығар, кей бас — доп,

Кетеді лағып аутқа.

 

Тебілдік талай жосылдық

Көрешегі көп, қасқам-ай.

Допты доп тепті, о,сұмдық!

Сауғасыз кетті бас талай.

 

Жазымыштан хақ озбасың,

Қатты жерге қақ тұрмақ.

Шаққа алып жүрген өз басын,

Өзгенің басын шаптырмақ.

… Жолықпай ылаң тоқтар күн,

Шарасыз жұртым жасыды.

Доп тебу болды доптардың

Тірі қалуға тәсілі.

 

Бастарға қымбат — ар биік,

Қинаса мейлі, қилы ақпар.

Бас орнына тарбиып,

Тұтқа да болды сирақтар.

 

Талайсыз тағдыр көшінде

Туғанмен Тұлға топ бастар.

Түйетөбенің төсінде

Топырлап жатты көп бастар.

 

Ошақтар өшіп, тұл қапты,

Ер қанша бармақ тістеген.

Көргенмен не бір зұлматты,

Бастар бар әлі піспеген.

 

Құдай болмақшы дүр неше

Тұрғызды кәллә мұнара.

Шамасын Бас та білмесе,

Аяқтан сауал сұрама.

 

P.S.Тарих өзі жауаптар

Сап, сап, көңіл, килікпе.

Бас кейіпте сқауақтар

Жүрген жоқ па екен билікте?

 Құмырадағы гүл

Үлбіреген сүгірет

Тірлік үшін күресіп.

Құмырада, құдірет,

Жайқалады гүл өсіп.

 

Сенсек мына дерекке,

Біздік ұғым мөлшері:

Жерде өсуі керек те,

Гүл де — жердің бөлшегі.

 

Болғанымен, жай мұнда

жерден гөрі қолайлы.

Жылу, жарық… қайғыр ма,

Бәрі әзір, оңай-ды.

 

Суаратын адам бар

Аялайды, баптайды.

Себеп те жоқалаңдар,

Гүл күтімсіз жатпайды.

 

Түрлі-түрлі дәрумен

Сарқылмайды қорегі.

Табылады бәрінен

Гүлге барлық керегі.

 

Бар жайы бар (заңдылық),

Гүл алаңсыз көктейді.

Ал тамыры мәңгілік

Жер-Анаға жетпейді.

 

Құр сән үшінбұтағы

Көзді тартып, көктейді.

Жұтаң бірақ жұпары,

Жер гүліне жетпейді.

 

Жерге баптап, көрегіп

Солады ол қападан.

Бұл—табиғи төрелік,

Жер тірлігі — жат оған.

 

Көбейтпейін сөзді енді,

Ой да дамылдағай-ды.

Өз жерінен безгенді

Жер де қабылдамайды.

 

Күзгі тұман

 

Көрінбейді көк жүзі

торғын жарық,

Боз пердені

кім әкеп қондырды алып.

Бас-аяғың ғайыптан,

мәлімің жоқ,

Күзгіт ұман-дәруіш,

сен бір ғаріп.

 

Қазандағы сергітіп,

кешкілеп тың,

Өзің жайлы

ойымды кеш түлеттім.

Қарақшыдан болмаса,

жол торыған,

Алғыс алып көрдіңбе,

естімеппін.

 

Болса-дағы сәттерің

санастырған,

Кезіміз жоқ,

сескеніп, бал аштырған.

Бірерлігің сол шығар,

Жершіл Ердің

Уақытын заялап,

адастырған.

 

Таба алмай,

тірліктің тың бұрауын,

Бар ғұмырың—құл тағдыр,

құлдырауың.

Жоғаласың зым-зия

күн шыққанда,

Содан шығар,

тым-тырыс тұнжырауың.

 

Сейілмеуге

жеткендей дәрменің де,

«Бөрі арығын білдірмес»…

пәлденуме?

«Ішімдегім тап»—деп бір

сызданатын,

Ұқсайды екен қылығың

әлдекімге.

 

Тұман жайлы

таба алмай тағы нұсқа,

Кезгек ойым сан түсті

сабылысқа.

«Алматының бозғыл тұман түнінде»…

Айналған-ды

махаббат сағынышқа.

 

Серт беріппеең,

өзіңше өзгермеске,

Мен салайын

баянсыз кездерді еске.

… саясатта, бағытта

не жының бар,

Күзгі тұман, көшелден

көз көрмеске.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button