Пікір

Демографиялық қауіпсіздік — қоғам дамуының негізі

Гүлжан МАХАНОВА,
облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы

Қазақстандықтардың саны 20 миллионға жетті. Осы ақжолтай жаңалықты естігенімде қуанышымда шек болмады. Бұл халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, демографиясының өскенін көрсетеді. Биыл
облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияға 40-тан астам өтініш келіп түсті. Өтініштің басым көпшілігін жас аналар жолдаған. Ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық, құқықтық көмек беріп келеді. Жыл басынан бері 20 адам бақытты отбасы орталығына орналастырылып, 700-ден астам адамға моральдық қолдау көрсетілді. Бала күтіміне байланыста үйде отырған аналар «Бақытты отбасы» орталығы арқылы білім алып қана қоймай, жаңа кәсіп ашып жатыр.
Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қала тұрғындарының баспана алу, жұмысқа орналастыру, қайтарымсыз несие туралы мәселелердің шешімін табу да жұмыс істеп келеді. Мәселен, жуырда қала тұрғыны Жанерке Серік бала күтіміне байланысты үйде отырғандықтан, жақын жерден жұмыс іздеп келген екен. Біз оған жұмыспен қамту орталығының жауапты маманының байланыс нөмірін беріп, қажетті құжаттар тізімін ұсындық. Жас ананың жұмысқа орналасуына қолдан келгенше көмек береміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button