Пікір

Саналы ұрпақ тәрбиелеу — менің азаматтық борышым

Шамшырақ ҚҰЛДАН,
«Bilim-invest» қауымдастығының Ақтөбе облысы
бойынша филиалының директоры,
жеке балабақша құрылтайшысы.

Жер бетінде бала үшін өмір сүріп, саналы ғұмырын ұрпақ көбейтуге жұмсап, мәуелі бағын бағбандай қорғайтын бір ел болса, ол — қазақ елі деп айтар едім. Ата-бабамыздан мұра болып қалған кең-байтақ жеріміздің иегерлері саны 20 миллионға жетті деп бөркімізді аспанға атып жатырмыз. Бұл санға жету — басынан талай тауқыметті өткерген қазақ елі үшін үлкен жетістік. Статистикалық жаңалықты естігенде жүрегім жарылардай қуандым. Себебі 5 баланың анасы және балалар үшін ашып отырған бірнеше балабақшаның құрылтайшысы ретінде менің де өзіндік қосқан үлесім бар.
Бүгінгі таңда елімізде мен сияқты көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға мемлекеттен ерекше қолдау бар. Ең бастысы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарымыз бірқатар салықтар мен мемлекеттік баждарды төлеуден босатылған. Тәй-тәйлап келген баланы қоғамға бейімдеп, қазақы болмысты бойына құйған, отанын сүйетін, ата-анасына құрметпен қарайтын, адамгершілікті ту етіп ұстайтын, білімді, батыл, батыр ұл-қызды тәрбиелеу — менің азаматтық борышым. Ел тұрғындары осы ақжолтай жаңалықпен құттықтай отырып, еліміз тыныш, бейбіт заман болсын демекпін.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button