Мәдениет

Ақтөбеде республикалық айтыс өтеді

Айтыс

18 қарашада Студенттер сарайында облыс әкімдігінің қолдауымен «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

Әбілқайыр ханның 330 жылдығына арналған сөз сайысына Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар және Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласынан келген ақындар қатысады.

Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай жүргізеді.

Кештің құрметті қонақтары қатарында ақын, «Отан» орденінің иегері, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңірген қайраткер Жүрсін Ерман, белгілі айтыс ақындары Мэлс Қосымбаев, Бекжан Әшірбаев және ақын Жанарбек Әшімжановтар бар.

Сонымен алдағы сенбі, яғни 18 қараша күні сағат 14.00-де Студенттер сарайында басталатын айтыстан қалып қоймаңыз. Кіру — тегін.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button