Ата-аналар жаттығу жасады
Мектеп
Мектебімізде «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу…» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы тренинг түрінде өткізілді.
Бұл —ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасының жоспарына сәйкес өткізілген шара. Тренинг барысында мектеп директоры Л.Урекешова, психолог
Г.Бердібекіс-шараның мақсатына тоқталды.
Ата-аналар жиналысының мақсаты — позитивті ата-ана тәрбиесінің жоғары сынып оқушысының өз болашағын өз бетінше құруына ықпал ететінін, тұлға дамуының негізі — өз бетінше әрекет ету әрі ұлттық этика негізінде заман талабына сай өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін ұғындыру.
Тренингте ата-аналардың қатысуымен «Мен…», «Эмоционалды суреттейік», «Жүрек жылуы» тақырыптарында жаттығу жұмыстары жүргізілді. Шарада олар «Баланың болашағына ата-ананың әсері» тақырыбында постер қорғады.
Тренинг соңында «Осы кездесуден кейін мен былай ойлаймын…» деген сөйлемді аяқтау рефлексиясы ұйымдастырылды.
Римма АЙСАҒАЛИҚЫЗЫ,
№38 қазақ орта мектебінің
9 «ә» сынып жетекшісі.
Ақтөбе қаласы.