Білім

«Білімде» білімділер қатары көбеюде

Мектеп

Кейінгі кезде іргетасы қаланған «Білім» мектеп-гимназиясы аз уақыттың ішінде біршама жетістіктерге қол жеткізіп отыр. «Биік шыңдарды бағындыру білім ошағынан басталады», — деген ұран көпшілігімізге жақсы таныс.

2022 жылдан бастап «Білім» мектеп-гимназиясының оқушылары шетелдерге шығып, түрлі конференцияларға қатысып жүр. Атап айтқанда, былтырғы желтоқсан айында Біріккен Араб Әмірліктері астанасы – Дубай қаласында өткен пәндік халықаралық олимпиадасына, Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында халықаралық деңгейде өткен ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, жүлделі орындармен марапатталған болатын.

Биылғы наурызда оқушыларымыз Ташкент қаласында өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, Елдар Базекенов, Айбат Батырбеков, Назерке Жақсылықова, Кәмила Сенбай, Айша Әбділхамит, Рахима Шаяхметова, Баят Баянас бас жүлдегерлер сапынан табылды.

Осы қараша айында мектеп-гимназия оқушылары Грузия мемлекетінде өткен халықаралық конференцияға қатысып, тағы да жүлделі марапаттарға ие болды. Бұл конференцияның басты ерекшілігі — оқушылар ғылыми жобаларын тек ағылшын тілінде қорғап шықты.

Әрине, осындай жетістіктерге жету үшін өскелең ұрпаққа  білім, тәрбие беру жолында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Ұстаздар өздерінің еңбектерін заман талабына сай ғылыммен ұштастырып, оқытудың, тәрбие берудің әдістемелерін жетілдіру, дамыту  мақсатында жан-жақты ғылыми ізденістер жасауда.

Отбасының да, мектептің де, қоғамның да мақсат-мүддесі біреу, ол — заман талабына сай жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеу. Болашақта бұдан да жоғары жетістіктерге қол  жеткізіп, білімнің биік шыңдарын бағындыра беру — біздің басты мақсатымыз.

Шолпан СӘТЕНОВА,

«БІЛІМ» мектеп-гимназиясы директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button