Білім

Баян Теміржанқызы — Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы

Бәрекелді!

Үздік педагог Баян Теміржанқызы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы мен төсбелгісіне ие болды. Бұл атақ Баян Базарғалиеваға еліміздің білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін Ел Президентінің Жарлығы бойынша мұғалімнің абыройын асқақтатып, мәртебесін көтеруге бағытталған «Педагог мәртебесі» Заңына сәйкес табыс етілді.

— Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметт іатағы мен төсбелгісіне ие болдым. Бұл мен үшін үлкен абырой, үлкен мәртебе. Елімізде мемлекет тарапынан білім саласына қолдау мақсатында көптеген игі жұмыс атқарылып, ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Маған берілген атақ — «Педагог мәртебесі» Заңының жемісі, — дейді Баян Теміржанқызы.

Ол білім саласында 30 жылдан бері еңбек етіп келеді. Баян Базарғалиева — Білім беру ісінің құрметті қызметкері, республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы, «Қазақстан мұғалімі» сыйлығының финалисі, «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының номинанты.

Кейіпкеріміз 1993 жылы сол кездегі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдады. Еңбек жолын өзітуып-өскен Темір ауданы Абай атындағы орта мектепте бастады. 2001 жылдан бері дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатында еңбек етеді.

Баян Теміржанқызы —Ұлттық тестілеу орталығының тест тапсырмаларын әзірлеуші жұмыс тобының және сараптау комиссиясының мүшесі. Сондай-ақ ол оқу бағдарламаларын жетілдіру мақсатында құрылған республикалық жұмыс тобына, «Оқулық» РҒПО-ның сараптау комиссиясына да мүше.

Білікті педагогтің шәкірттері—республикалық пәндік олимпиадалардың, республикалық ғылыми жарыстардың, сондай-ақ республикалық «Абайтану», Қ.Бітібаева олимпиадалары,М.Жұмабаев оқулары секілді білім бәйгелерінің жеңімпаздары.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button