Ауыл

Ауылдарға газ келді

Көгілдір отын

Былтыр Қарғалы ауданы Әлімбет ауылын газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары басталған еді. Кеше Әлімбет ауылына көгілдір отын берілді.

Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев нысанды пайдалануға беру шарасына қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
Әлімбет ауылын газдандыру жұмыстарына 1,2 миллиард теңге бөлінді. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Аудандық газ шаруашылығы мекемесі газ құбырларына зерттеу жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша Әлімбет ауылы жаңа газ құбырын іске қосуға рұқсат алды. Келер жылы Қарғалы ауданын толық газдандыру көзделіп отыр, — дейді ол.

***

Мәртөк ауданындағы 32 ауылдың 14-іне көгілдір отын тартылған. Жақында Қаратаусай мен Байторысай ауылдарына көгілдір отын берілді.

Қарашай ауылдық округінің әкімі Рүстем Ерімбетовтің айтуынша, округте жол жөндеу, газ тарту жұмыстары іске асырылып жатыр.

Қарашай ауылдық округі құрамына екі елді мекен кіреді: Қаратаусай және Аққайың ауылы. Округте 953 адам тұрады. Биыл 8 көшеге қиыршықтас төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаратаусай ауылына кіреберіс жолды жарықтандыру да қолға алынып жатыр. Сонымен қатар 5 көшенің жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Ауыл тұрғындарын газбен қамту жұмыстары аясында құбыр жүргізілді. Қаратаусай және Байторысай ауылдарына тартылатын газ құбырын салу жобасының жалпы құны — 2,3 миллиард теңге. Елді мекендерді газдандыру жобасын іске асыру басталғалы 38,9 шақырым газ құбыры желісі салынды, — дейді ол.

Сондай-ақ Қаратаусай ауылында «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы» аясында балалар ойын алаңы ашылып, «Бірлік» саябағы жарықтандырылды.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button