Жастар

«Тұран» тобы — «Ұшқыр ой» білімпазы

Жастар саясаты

С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының креативті орталығында студенттер арасында «Ұшқыр ой» зияткерлік ойыны өтті.

«Қоғамдық даму орталығы» мекемесіұйымдастырған іс-шараның мақсаты — танымдық қабілет пен ақыл-ойдықалыптастыру, ұлттық, тарихи, мәдени, рухани құндылықтарды жастардың арасында дәріптеу.

«Рухани жаңғыру» қағидаларына негізделген тәрбие жұмысын жетілдіруге арналған шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттерінен жасақталған бірнеше топқатысты.

— Зияткерлік ойын өлкетану, дәстүр мен ғұрып, Қазақстан тарихы, мақал-мәтел, шешендік сөздер секілді 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде түрлі тақырыптағы көптеген қызықты сұрақтар болды. Шапшаң ойлап, ұтымды жауап беруге тырыстық. Осындай ойлау қабілетімізді арттыратын, таным көкжиегімізді кеңейтетін зияткерлік ойындардың жиі болып тұрғаны жақсы, — дейді ойынға қатысушы Нұрислам Тоқмырзаев.

Шара барысында қатысушыларды сергіту мақсатында әуенді үзілістер мен кофе-брейк ұйымдастырылды.

Төрешілер зеректіктерімен ерекшеленген «Тұран» тобын жеңімпаз деп таныды. Екінші орынға — «Eco Aqyl» тобы, үшінші орынға «Заман біздікі» тобы ие болды.Жүлдегерлер Қоғамдық даму орталығының басшысы Жәнібек Досовтың Алғыс хатымен марапатталып,барлық қатысушыларға сертификаттар мен гүл шоқтары табысталды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button