Сайлау

Ойылдықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

Бүгін Ойыл ауданы бойынша 26 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Бұған 9470 сайлаушы бекітілген Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Бисекеновтың айтуынша, кешкі сағат беске дейін 68 пайыз адам дауыс берген.
– Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Әлі де келіп жатыр. 30 адам үйден дауыс берді. Учаскелердің барлығы жарақталған. Байқаушылар да өз жұмыстарын атқарып жатыр. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ, -деді комиссия төрағасы.
Ал орталықтағы 389 сайлау учаскесіне 617 тұрғын тіркелген. Оның 345-і кешкі 17:00-ге дейін өз таңдауын жасады.
Аталған учаскеге дауыс беруге келіп жатқандардың қатары көп болды. Солардың бірі- Айгерім Елманова.
-Бұл сайлаудың біздің өңір үшін маңызы зор. Сондықтан арнайы уақыт бөліп, дауыс беруге келдім. Жалпы әкімдер сайлауы арқылы халық мен билік арасындағы байланыс нығая түседі деген ойдамын,-деді ауыл тұрғыны.
Ал кәсіпкер Рада Раушанова бұл сайлау демократияға жасаған тағы бір қадам екенін айтты.
-Қай уақытта да ауданда болып жатқан маңызды шаралардан қалмауға тырысамын. Оның ішінде бүгінгі сайлауға отбасымызбен келіп дауыс бердік. Себебі саяси науқанның аудан халқы үшін маңызы зор. Жалпы өңірімізде жылдан жылға әлеуметтік мәселелер шешімін тауып келеді. Халық сайлаған әкім халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, елмен бірге болады деген сенімдемін,-деді ол.

Ал 390 сайлау уачскесіне де келушілердің қатары кешке дейін сиремеді. Өз таңдауын жасаған ауыл тұрғынының бірі Ханзада Қожекенова сайлаудан қалмайтынын айтты.
-Бүгін маңызды шара болғандықтан үйдегі кішкентай балаларымды тастап, дауыс беруге арнайы келдім. Бүгінгі сайлауда халық таңдаған әкім елдің үмітін ақтайды деп сенемін. Артар үмітіміз көп. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңдарын салса деген тілегіміз бар,-деді Ханзада.
Аталған сайлау уачскесіне кешкі 17:00-ге дейін 328 адам дауыс берді

Кәмшат Қопаева.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button