Сайлау

Демократияға жасалған тағы бір маңызды қадам

Ойыл ауданындағы 22 ауылда 26 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Аудан әкімі лауазымына кандидаттарға 9470 сайлаушы дауыс беруге құқылы.
Көптоғай ауылдық округінде екі учаске, аудан орталығында орталығында – 5, қалған ауылдарда бір учаскеден жұмыс істейді.
— Үш кандидаттың бірін «Аманат» партиясы ұсынған, екеуі өзін-өзі ұсынған. «Бүгін сайлау учаскесіне бірінші келгендерге, сондай-ақ ең жас және ең үлкен сайлаушыларға сыйлықтар мен кәдесыйлар тапсырылады, – деді округтік сайлау комиссиясының төрағасы Берік Бисекенов
Аудан орталығындағы 389 уаскеде дауыс беруге келген Зейнеткер Оқапов өз таңдауын жасады.

—Қай кезде де ауданда болған сайлаудан қалмаймын. Себебі бұл еліміз үшін өте маңызды оқиға. Ал аудан әкімдерінің саулауы – демократияға тағы бір маңызды қадам. Байқап отырмын, дауыс берушілердің қатары көп. Бұл өте қуантарлық жағдай, — дейді ол.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, аудан әкімдерін тікелей сайлау халық пен билік арасындағы байланысты нығайтады.

Кәмшат ҚОПАЕВА,
Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button