Сайлауға белсенді қатысып жатыр

Бүгін Ырғыз ауданында әкім сайлауы басталды. N217 сайлау учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Самұрат Сәбитұлының айтуынша, ауылда 790 сайлаушы бар:
— Ырғыздықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр. Ауылда 4 адам денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге өтініш білдірді. 86 жастағы ауыл тұрғыны Алуа Бекешова алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Әрбір тұрғын ауданның жаңарып, науқан келбетінің жарқырағанын қалайды. Осы тұста сайлаушылардың белсенділік танытатынына сенімім мол, – дейді комиссия төрағасы.
Ауыл тұрғыны Жолдыбай Әуесов дауыс беруге отбасымен келген.
— Отбасымызбен бірге сайлауға қатысып, аудан әкіміне кандидат болған азаматқа дауыс бердік. Сайланатын әкім ауданымыздың келешегі үшін барлық игілікті істер жасайды деп сенеміз, – дейді ол.
Ақмарал Мұқашева,
Ырғыз ауданы.



