Денсаулық

Қызылшамен ауыратындар азаймай тұр

Қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай алаңдатып тұр. Аталған ауру, әсіресе балалар арасында белең алған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры Нұргүл Сарманованың айтуынша, 2 қарашадағы жағдай бойынша өңірде 182 адам (149-ы қалада, қалғандары —​ аудандарда)​ қызылшаға қарсы​ стационарлық ем қабылдап жатыр, соның 136-сы —​ бала.​ «Аурудың 78 пайызы қызылшаға қарсы егілмеген балалар арасында тіркеліп отыр», — дейді ол.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары МұхтарСербаев Ақтөбеде қызылшамен ауыратын науқастарға барлығы 272 жатын орын, атап айтқанда​, «Шағала» шипажайында — 160, аудандық ауруханаларда 101 кереует дайындалғанын атап өтті.

— Ұлттық күнтізбеге сәйкес, қызылшаға қарсы екпе екі рет беріледі, 1 және 6 жаста. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сай елімізде 6 айдан 11 айға дейінгі, 2 жастан 5 жасқа дейінгі​ балаларды қосымша​ иммундау жұмыстары жүргізілетін болады.​

Облыста 6-11 ай аралығындағы сәбилерге екпе салу 6 қарашада, ал 2-5 жас аралығындағы балдырғандарға екпе салу 5 желтоқсанда басталады, — деді М.Сербаев.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас иммунологіЛейля Нұржанова қазан айында медициналық мекемелерге​ екпенің​ 8832​ мөлшері таратылғанын, қорда әлі 17 мың екпе барын баян етті. Сондай-ақ қызылшаға қарсы қосымша  иммундау үшін​ 72400 екпе сатып алынбақ.

Айта кетейік, ақтөбеліктер қызылшаға қарсы екпені мекенжай бойынша тіркелген емханаға барып, тегін ала алады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button