Денсаулық

Білінбейтін дерт

АИТВ — адамның иммун тапшылығы вирусы, яғнииммунжүйесін
зақымдайтынвирустыңқысқартылғанатауы. Бастапқыда бұл ауруды жұқтырған адамның өзі оны көп уақытқа дейін біле бермейді екен. Уақтылы ем жүргізілмесе, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған науқастардың жартысына жуығы он жыл ішінде жұқпалы иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) дертіне шалдығады.  Ал ЖИТС жер шарындағы адам өліміне жиі әкеліп соғатыналғашқы 5 аурудың қатарына кіреді. Сондықтан қауіпті дерттен сақтанудың ең сенімді амалы — иммун тапшылығы вирусын жұқтырмау. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында қаншама рет айтылып та, жазылып та жүр. Осы тақырып төңірегінде облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандарымен әңгімелескен едік…

Қазіргі уақытта кез келген адам медициналық мекемелерге барып, АИТВ жұқпасына арнайы анализтапсырып, өзінің денсаулық жағдайын анықтай алады. Тексерілу тегін. Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсыкүрес орталығының бөлім меңгерушісі Айжан Жайлаубаеваның айтуынша, орталықта АИТВ дертін анықтайтынсараптамалық тексерулердің бірнеше түрі бар.

— Бүгінгі таңда санаулыминуттардың ішінде сілекей сынамасын тапсыру арқылы АИТВ жұқпасына тексерілуге де мүмкіндікбар. Мұндай экспресс-тестілеу көбіне қауіпті топтарғатағайындалады. Әсіресе нашақорлар арасында жүргізіледі. Жалпы, аталған вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары топ арасында аурудың алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіледі, — дейді Айжан Жайлаубаева.
Дәрігерлер адамның түріне қарап, АИТВ жұқтырды деген диагноз қою мүмкін еместігін айтады. Себебі дәрігерлер тәжірибесінде аурудың клиникалық белгілері науқастың бойында бірнеше жылдар бойы білінбей жүретін жағдайлар талай кездескен.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының анонимді тесттен өткізу және психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің меңгерушісі Зәуре Нығметованың айтуынша, қауіпті дерт жас талғамайды, мұндай дертке кез келген адам шалдығуы мүмкін.

— Адамдағы иммун тапшылығы вирусы — тұмау тәрізді ауа тамшылары арқылы тарамайды, қолалысқанда, құшақтасқанда, тамақтанғанда, суға түскенде жұқпайды. Мұндай қауіпті ауру әдетте жыныстық жолмен жұғады. Сондықтан 2021 жылдың қаңтарайынан бастап жүкті әйелдердің жыныстық серіктестері де АИТВ-ға тексерілуге міндеттелді, — дейді Зәуре Нығметова.

Сала мамандарының айтуынша, АИТВ жұқпасының емі бар. Науқастың толық жазылып кетпегенімен қоғамда өзгелермен бірдей өмір сүруге мүмкіндігі болады. Орталық дәрігерлері «АИТВ жұқпасынеғұрлым ертеанықталса, соғұрлым науқастың өмір сүру деңгейі де жоғары болады. АИТВ жұқпасын ЖИТС деңгейіне жеткізбей, алдын алу— басты міндетіміз», — дейді.

АИТВ жұқпасына шалдыққан жандар бұл диагноздың өзіне қойылғанын естіген кезде ең алдымен психологиялық тұрғыда дағдарысқа ұшырайтыны анық.Қорытынды зерттеулер нәтижесіне сәйкес нақты диагноз қойылған соң ауру жұқтырғандарды ЖИТСорталығындағы психолог маман қабылдайды. Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының психологі Гүлсая Ақбисенова АИТВ жұқтырғандардың барлығының тағдыры ұқсас келетінін айтады.

— Қауіпті вирусты жұқтырғандардың деніпсихологиялық тұрғыда әлсіз адамдар, рухани қолдауға зәру жандар. Мұндай жандарға ең алдымен отбасы мүшелері, ең жақын адамдары қолдау көрсетуге тиіс. Психологиялық кеңестер алып, өз-өзіне келген соң жақын адамдары қолдау көрсете білсе, оның өмірі
бұрынғыдай болып қала береді, —дейді психолог Гүлсая Ақбисенова.

Ал орталық дәрігерлері қазіргікезде АИТВ жұқпасына тексерілу ғана емес, барлық ем тегін жүргізілетінін айтып отыр.

Облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері қауіпті жұқпаны жұқтырғандардың өзгелерге ауру тарату қаупін төмендету үшін тұрғындар арасында үнемі алдын алушаралары мен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Орталық мамандары

қазіргі кезде жыныстық қатынасқа дейінгі алдын алу шаралары қолға алынып жатқанын, егер науқас дәрігерлер тағайындаған препараттарды уақтылы қабылдап жүрсе, оның өзгелерге ауру жұқтыру қаупі төмендейтінін айтып отыр.

Бүгінгі таңда дәрігерлердің белсенді жұмысының нәтижесінде АИТВ жұқпасының анадан балаға берілу деңгейі төмендеген. Қазіргі кезде облы саумағында туған кезде анасынан АИТВ жұқпасын жұқтырған 70-кежуық бала өмір сүріп жатыр.

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бөлім меңгерушісі Айжан Жайлаубаеваның айтуынша, жыл басынан бері АИТВ жұқтырған 45 адам орталыққа тіркеуге алынған. АИТВ жұқпасы жөнінен біздің облыс еліміз бойынша 15 орында тұр.

— Өңірде АИТВ мен ЖИТСКЕ қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бүгінгі таңда біздің орталықта диспансерлік есепке алынғандар саны — 440 адам. Олар үнемі орталықта түрлі сараптамалардан өтіп, уақтылы ем қабылайды, — дейді бөлім меңгерушісі Айжан Жайлаубаева.

Сондай-ақ сала мамандары АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары барысында үкіметтік емес ұйымның мүшелерінің белсенді жұмыс істеп жүргенін, олар АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары топтар арасында қауіпсіздік құралдарын тегін тарататынын да айтып отыр.

АИТВ адам бойына енсе, ең әуелі аурулар мен инфекциядан қорғайтын иммундық жүйесін бұзады. Ал иммундық жүйе бұзылса, адам әлсіреп, аурушаң болады. Соңы қаралы хабармен аяқталуы мүмкін. Сондықтан мейлінше иммун жүйесін қорғап, сақ жүріп, аурудың алдын алуға тырысқан жөн.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button