Денсаулық

Коронавирустың жаңа түрі туралы не білеміз?

2019 жылы Қытайдан басталған коронавирус эпидемиясы дүниежүзіне тарап, бүкіл әлемді әбігерге түсіргенін білеміз. Вирус жоғалып кеткен жоқ. Бұрынғыдай, жұрттың үриін ұшырмаса да, әр жерде бой көрсетіп қалады. Отыздан астам түрге енген «омикрон» вирусының қосалқы штамы — «пирола» пайда болып, ол бүгінде Еуропаға жеткен.

Короновирустың түрленуі

Әлемге коронавирус тарағанбірнеше жыл ішінде SARS-CoV-2 вирусының бірнеше мутациясы болды. Вирустар бір-бірінен генетикалық материалымен ерекшеленеді, өйткені жаңа штамдар гендік мутациялар арқылы пайда болады.

SARS-CoV-2 коронавирусының әрбір штамы грек алфавитінің жаңа әрпімен белгіленеді: «альфа», «бета», «гамма», «дельта», «омикрон», «эта», «йота» және басқалар. Олардың оннан астамы бар, солардың ішінде ең берік және үнемі мутацияға ұшыраған түрі «омикрон» болды. Ал «омикрон»вирусының ең танымал түрлері: «кракен», «эрис», «пирола».

Ресейлік тұтынушыларды қадағалайтын қызметтің эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының геномдық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Камил Хафизовтың айтуынша,егер шамамен екі жыл бұрын мутациялардың көптігі коронавирус ауруының күрт өсуіне себеп болса, қазір бұл байқалмайды.

— Зерттеулер барысында біз әлі «пироланы»кездестірмедік. Алайда коронавирустың таралуы әлі де жалғасып жатыр. «Пирола» болмағанымен, кең таралған «омикронның» басқа түрлеріжеткілікті, — депті Камил Хафизов телеграм парақшасында.

Ресейдегі тұтынушыларды қадағалайтын федералды қызмет «пирола» аса қауіпті болмайтынын, себебі қоғамда жақсы иммунитеті бар әлеуметтік топ қалыптасып үлгергендіктен коронавирустың жаңа түрі бұрынғыдай қарқынмен таралмайтынын айтып сендіреді.

Дәрігерлер «Пирола» диагнозы қолданыстағы сынақтардың көмегімен анықталатынын, сонымен қатар«омикронға»қарсы жасалған вакциналар жаңа вирустың ауыр өтуінен қорғауға көмектесетінін айтады.

«Пирола» белгілері

Биыл мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі COVID-19 пандемиясының аяқталғанын хабарлаған болатын. Бірақ тамыз айында науқастардың саны күрт өсті. Алғашқы ақпарат Франциядан, содан кейін Даниядан, Швециядан шықты. Мұндай хабарды да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымытаратты.

Коронавирус инфекциясы өзгеріске ұшырап, түрленуін жалғастырды, «эрис»  және «пирола» секілді жаңа штамдары өздерінің «көшбасшысы» — «омикронға»қарағанда жұқпалы болып шықты.Жалпыкоронавирус жедел респираторлық вирустық инфекцияға немесе тұмауға ұқсас бола бастады.

Коронавирустың жаңа түрінің алғашқы белгілеріне әлсіздік,апатия,күштің төмендеуі,дене температурасының жоғарылауы,тамақтың қышуы,құрғақ жөтел, мұрын бітелуі жатады. Негізінен, белгілер екі күннен екі аптаға дейінгі уақыт аралығында біліне бастайды. Коронавирустың алғашқы түрі сияқты дәмнің өзгеруі, иістің жоғалуы да жиі кездеседі. Бұлшықеттер мен буындарда ауырсыну, ентігу сезілуі мүмкін. Кейде асқазан-ішек жолдарының бұзылуының белгілері қосылады.

Егер ауру асқынған болса, тыныс алудың қиындауы, кеуде қуысының ауыруы, абдырап қалу қосылады. Дене температурасы анальгетик-антипиретик секілді қызбаны түсіретін препараттарға қарамастан сақталады. Егер коронавирустың осындай белгілері байқалса, дереу дәрігерге қаралуыңыз керек.

Тамыз айының соңынан бастап бүкіл әлемде науқастар санының өсуі байқалды. Медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог Николай Крючков Sputnik радиосынан аурудың күрт өсуі қараша айында байқалуы мүмкін екенін айтқан болатын. Содан кейін ауру төмендеуі мүмкін. Бірақ ғалымдардың пікірінше 2024 жылдың басында Ресейге бұрынғыдан гөрі агрессивті және иммундық қорғаныс пен антиденелерді айналып өтуге қабілетті «пирола» жетуі ықтимал.

Иммунологтің айтуынша, коронавирустың жаңа түрін жайбарақат қарсы алуға болмайды, жұқтырып алмаудың, сақтанудың алғышарттарын барынша сақтаған абзал.

Қалай қорғануға болады?

Вакцинация әлі күнге дейін коронавирустың ауыр түрлерінен қорғайтын негізгі әдісі  болып есептеледі. Вакцина жасау негізінен зейнеткерлерге және созылмалы аурулары бар тұрғындарға, сондай-ақ мұғалімдерге, дәрігерлерге және көпшілік орындарда жұмыс істейтіндерге ұсынылады. Бұл ретте әсіресе қосымша аурулардың көп болуына байланысты зейнеткерлер коронавирустың жаңа түрлерінен көбірек зардап шегуі мүмкін. Сондықтандәрігерлер вакцинация мен ревакцинациядан басқа, азаматтардың осы санатына бетперде режимін сақтауға, адамдар көп жиналатын жерлерге көп бармауға, бөлмені жиі желдетуге, иммунитетті нығайту үшін дұрыс тамақтануға, қолды антисептиктермен үнемі жууға кеңес береді.

Ел тұрғындарын толғандыратын ендігі мәселе: коронавируске байланысты жаңа карантин бола ма?Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният биыл Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында елімізде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты. Ол бүгінде әлемдегі жиырмадан астам ел коронавирус инфекциясының көбейгенінмәлімдегенін, сондықтан карантин қажет еместігін, шағымданған тұрғындар стационарларда емделіп жүргенін, жалпы жағдай бақылауда екенін жеткізді. Министрдің айтуынша, елімізде вакцина жеткілікті, ниет білдіруші тұрғындар короновирусқа қарсы екпе ала алады.

Қазіргі уақытта жағдай қолайлы болғандықтан, елімізде таралып жатқан коронавирус инфекциясынсала мамандары мен ғалымдар ай сайын генетикалық тұрғыда зерттеп отырады. Соңғы айда коронавирустың немесе «омикронның» жаңа түрлері анықталмаған.

Күзде әдеттегідей ел бойынша жедел респираторлық-вирустық инфекция маусымы өтеді,сәйкесінше тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды. Сондай-ақдәрігерлер иммун тапшылығы бар қарт адамдарға коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға кеңес береді.

Н.АҒЗАМОВ,

облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың үйлестірушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button