Мәдениет

«Алақайдың» жеңісі

Театр

Жуырда «Puppetland», «Almaty Puppet Festival» I халықаралық фестивальдеріне қатысқан «Алақай» қуыршақ театры жүлдемен оралды.

Іс-шараның мақсаты — халықаралық мәдени байланыстарды дамыту, талантты артистер мен режиссерлерді анықтау, қуыршақ театры актерлерінің кәсіби және орындаушылық шеберлігін арттыру.

«Алақай» қуыршақ театры 13-18 қазан аралығында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұйымдастыруымен өткен «Puppetland» І халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде режиссер Антон Зайцевтің «Собака» қойылымын көрермен назарына ұсынды. Ауқымды іс-шарада Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Польша мемлекеттері және елімізге белгілі қуыршақ театрлары өнер көрсетті. Бұл фестивальде «Собака» қойылымының суретшісі әрі театр директоры Әсия Құрманалина «Ең үздік суретші жұмысы» номинациясына ие болды.

Сондай-ақ театр ұжымы 20-24 қазан аралығында Алматы мемлекеттік қуыршақ театры ұйымдастыруымен өткен «Almaty Puppet Festival» I халықаралық қуыршақ театрлар фестивалінде де сынға түсті. Өнер додасында «Собака» қойылымының режиссері Антон Зайцев «Үздік режиссёр» номинациясын жеңіп алды. Бұл — ұжымның ортақ жеңісі. Өнеріміздің халықаралық дәрежеде бағаланғанына дән ризамын, – дейді театр қызметкері Гүлнар Баймағанбетова.

Қараша айында театр ұжымы Марий Эль Республикасының астанасы Йошкар-Оле қаласында өтетін І халықаралық «Золотой гапит» халықаралық қуыршақ театрлар фестиваліне қатысуды жоспарлап отыр.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button