Мәдениет

«Жұбановтар әуені» шақырады

Байқау

12-16 күндері облыс мәдениетінің брендіне айналған дәстүрлі «Жұбановтар әуені – 2023» халықаралық вокалистер фестиваль-байқауы өтеді.

Байқауға өтінімдер 1 қарашаға дейін қабылданды.

Қашықтан тыңдау нәтижесі бойынша 20 үміткер байқау мәресіне жолдама алды.

— «Жұбановтар әуені — 2023» фестиваль-байқауы 2006 жылдан бері қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушы, академик Ахмет Жұбановтың және ұлағатты ұстаз, композитор, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі Ғазиза Жұбанованың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында өткізіліп келеді. Биыл аталған байқау аясында Ахмет Жұбановтың шәкірті, ҚазКСР-нің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, профессор, композитор, дирижер Қайырғали Қожанбаевтың 85 жас мерейтойы аталып өтіледі.

Байқауға өтінім бергендер қатарында еліміздің өңірлерінен бөлек, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан мемлекеттерінің де вокалистері бар.  Фестиваль-байқау екі кезеңнен тұрады. Ақтық кезеңге іріктеу арқылы жолдама алады. Бұл кезеңде қатысушылар қазақ оркестрінің сүйемелдеуімен Қайырғали Қожанбаевтың бір әнін немесе романс орындауы керек, — деді Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы директорының міндетін атқарушы Айбек Кемал.

Биылғы жүлде қоры — 5 000 000 теңге.

15 қарашада өтетін фестиваль-байқаудың гала-концерті Қайырғали Қожанбаевтың  «Ризамын тағдырға» атты шығармашылық кешіне  арналады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button