Білім

Геймификация математика әлемінде

Мектеп

Ақтөбе қаласындағы тұңғыш қазақ мектебі — Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында былтырғы оқу жылында «Геймификация математика әлемінде» атты жаңа жоба қолға алынған болатын. Мектеп-гимназия басшысыЖания Романованың басшылығымен және математик, педагог-сарапшы Гаухар Жанайдың жетекшілігімен қолға алынған жобаның мақсаты — ақпаратты ойын арқылы жеткізе отырып, оқытудың тиімділігін арттыру, көбейту кестесін толыққанды меңгерту.

Былтырғы оқу жылында басталған жоба биыл да жалғасын тапты. Команда құрамында 5-6сыныптардың математика пәнінің мұғалімдеріЛәззат Төрекешова, Ақмарал Сарсембаева, Салтанат Қазыбекова, Гаухар Жанай, Ақтоты Пірімбет,Арайлым Жанғазы және идеялар генераторы Гүлсая Иманғалиева мен психологтар Әлия Қанжағұлова, Құндыз Сағынбаева бар.Ай сайын бекітілген кесте бойынша тізбектелген сабақтар ойын түрінде  қызықты өткізіліп, белгіленген критерийлер негізінде зерделеніп, ұсыныстар айтылып, кеңестер беріледі.Сабақ процесінде геймификацияны қолданған кезде білім алушылардың ғылымдардың патшасы — математика пәніне деген қызығушылықтары артады, көбейту кестесін саналы игеріп алуға ынталанады, жеке, жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзара білім бәсекелестігінде белсенділік танытады, күрделі тақырыптың өзін қызықты әрі жеңіл түрде қабылдайды. Себебі геймификация әдісі — сабаққа, жұмысқа, күнделікті өмірге ойын техникаларын енгізу. Пән мұғалімдері геймификацияның негізгі элементтерін сақтай отырып, процеске қатысушылардың белсенділігін өзара бағалап, бір-бірінің жетістіктерінің динамикасын жасап, тақырыптық-ақпараттық көздер арқылы табысқа жетуді жоспарлайды, әртүрлі заманауи әдіс-тәсілдермен жұмыс жасауға машықтанып, жылдан-жылға кәсіби тұрғыда өсіп келеді. Мұғалімдер педагогикалық креативті іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырады.

Мәртебелі мамандық иелері — мұғалімдер қауымына қойылып отырған уақыт талабы жоғары. Кездескен кедергілерді еңсеріп, сабақтың берілу сапасын арттыру арқылы білім алушының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, өзгермелі қоғамда өмір сүруге бейімдеу, табанды, рухты, креативті, дарынды ұрпақты тәрбиелеу — ұстаздың қоғам алдындағы міндеті, халық алдындағы адами абыройы.

Математика — ойды жетілдіретін ғылым. Барлық ғылымдардың іргетасы саналатын математика пәнін ықыласпен оқыту оқушының интеллектуалды қабілеттерін дамытып, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді, талдауға, анықтауға, шешім қабылдауға, жан-жақты ойлауға және жоспарлауға үйретеді.

Кәсіби шеберлігі шыңдалған ұстаз ғана шәкіртін тек мектеп қабырғасында емес, өмірде де табысты болуға жетелейді.

Дина МҰХАНБЕДИЯРОВА,

директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөннідегі орынбасары,

Білім беру ісінің үздігі, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button