МерекеПікір

Ұлттық мерекенің маңызы

Зульфия НАБИУЛИНА,

«Ассамблея жастары» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру реформасы жарияланған кезеңнен бастап әр салада бірқатар іргелі істер жүзеге асырылды. Соның бірі — Республика күнінің ұлттық мереке мәртебесіне ие болуы.

Біраз жылдан бері ұмыт қалған бұл мерекенің маңызын өскелең ұрпақ жете түсінбеуі мүмкін. Сондықтан ұлттық мерекенің маңызы туралы түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуге тиіс.

Менің бір ғана Отаным бар, ол — Қазақстан.Тарихы тереңде жатқан елдің азаматы болғаныма мақтанамын! Қазақ халқының сан ғасырлық тарихына шолу жасап, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін жас ұрпаққа жеткізуіміз керек. Мұндай ұлттық мерекелер тұсында осындай ақпараттық-насихаттау  іс-шаралары күндегіден әлдеқайда көбірек өткізілуге тиіс.

Қайта жаңғырған Республика күні патриоттық рухымызды асқақтата түсті. Жас ұрпақ халқымыздың рухани құндылықтарын жадында сақтап, ақ жаулықты аналарымыздың тәрбиесін бойына сіңіріп өссе, еліміздің келешегі зор болатыны анық. Мен ел тұрғындарын осы ұлық мерекемен құттықтаймын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button