МерекеПікір

Өнерлі жастар үлесі

 Өркен АЛТЫНБЕКҰЛЫ,

«Қазақстан КВН Одағы» қоғамдық бірлестігі» 

облыстық филиалының директоры.

Былтыр Президентіміздің ұсынысымен еліміздің ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Республика күні ұлттық мереке мәртебесіне ие болып, қазанның 25-і жыл сайын еліміздің басты мерекесі ретінде аталатынына өз басым ерекше қуандым.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларацияның қабылданғанын тарихтан білеміз. Бұл — еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы.

Еліміз тәуелсіздігін алғалы жастар арасында сұранысқа ие болып, жоғары рейтинг көрсетіп келе жатқан жобаның бірі — «Жайдарман». Өйткені астарлы әзіл арқылы қоғамдық проблеманы жеткізу, адамға әзілдей отырып ой салу үлкен интеллекті қажет етеді. «Жайдарман» мектебінен шыққан жас жан-жақты болып келеді.

Биылоблысбойынша 54 команда ойнауғаөтінішберіп, маусымашарфестиваліне 32 команда келді. Бұл командаларЖоғары лига, Премьер-лига жәнемектеплигасынатопталды.

Мемлекет басшысы айтқандай, Республика күні еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Сондықтан да бұл күннің мәні мен маңыздылығын арттыру әрі жастар арасында насихаттау мақсатында атаулы күнге орай өтетін Жоғары лига ойындарының жартылай финалына қазіргі күні біз қызу дайындық үстіндеміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button