Болашаққа жасалған қадам

Сұлушаш ХАКІМОВА,
С.Бәйішев атындағы облыстық
Әмбебап-ғылыми кітапханасының
директоры
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында ел дамуының басым бағыттарын атап көрсетті.
Жолдауда ұлттық бизнестің мүддесін қорғау, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, жасыл экономиканы дамыту, басқа да маңызды мәселелер айтылды.
Президенттің өскелең ұрпақтың мүдделері мен қауіпсіздігін қорғау мақсатындағы «Келешек» атты жаңа бағдарлама әзірлеу бастамасы — балалардың қауіпсіз өмір сүріп, білім алуы үшін көмегін тигізетін маңызды шешім.
Мемлекет басшысының әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттері ретімен нәтиже беріп келеді. Мәселен,2021 жылғыЖолдауда мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінді. Аталған саланың оның ішінде кітапхана, мұрағат қызметкерлерінің жалақысын 2022-2025 жылдар аралығында әр жылы 20 пайызға көтеру туралы нақты ұсыныс жасалды. Осы бастамадан кейінсала мамандарының жалақылары жыл сайын көтерілуде.Ұлт руханияты үшін, оның ішінде жастардың білім-ілім алуына, қаламгерлердің шығармаларын насихаттауда кітапханашылардың еңбегі ерекше. Біз алдағы уақытта осы қамқорлыққа сай жұмысымызды жандандыра түсетін боламыз.
Мемлекет басшысы осы жолғы Жолдауында: «Әркімотаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашырболса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні — осы. Тағы да қайталаймын: ӘділеттіҚазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылықретінде әрдайымқатаржүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдықжоқ жерде ешқашанәділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды», — деді.
Елімізді мықты, дамыған елдер қатарынан көру үшін әркім өзіне үлкенжауапкершілік алуы керекдеп ойлаймын.Әрқайсысымыз: «Мемлекет маған не берді?» деген емес, «Мен елім үшін не жасадым?» деген сұраққа жауап іздейік.
Ел Президентінің жаңа экономикалық саяси және әлеуметтік жағдайғабайланысты дамудың бағыттарын көрсеткен Жолдауын қолдай отырып, оны іске асыру үшін біліміміз бен күшімізді жұмылдырайық!



