Денсаулық

Емханаларға тіркелу науқаны басталды

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін ақтөбеліктер өтініш жазып, таңдаған емханада медициналық қызметтерді ала алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиалының директоры Алтай Оразбағамбетов таңдау кезінде тұрақты тұратын жері мен медициналық мекеменің орналасқан жерін ескеруге кеңес береді.

— Егер емхана басқа аумақтық учаскеде болса, онда учаскелік дәрігер қажет болған жағдайда үйге келе алмайды. Сондықтан жақын маңдағы ұйымдарды таңдаған жөн. Сондай-ақ емхананың қордың жеткізушісі екеніне назар аудару қажет. Бұл сіздіңміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесінде медициналық көмек алу құқығын пайдалана алатыныңызға байланысты, — деп кеңес берді филиал директоры.

Тіркеуге болатын емханалардың тізімі қордың www.fms.kz сайтындағы «емхананы таңдау» бөлімінде қолжетімді.

Қазір 500-ге жуық дәрілік атаудағы заттар сатып алынуда, олар тегін беріледі. Препараттармен қамтамасыз етуде мәселе жоқ.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров атап өткендей, бүгінде алғашқы медициналық көмекті 42 мекеме көрсетеді. Оның 22-сі — мемлекеттік, қалғандары — жекеменшік.

Басқа емханаға тіркелген жағдайда онда ақтөбеліктер қаңтардан бастап қызмет ала бастайды. Бұл уақытқа дейін оларға бұрынғы қалалық емханалар қызмет көрсететін болады.

Мира ӘЛІБЕКОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button